Кака
Кака | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Рикардо Изексон дос Сантос Лейте | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары |
Кака, Алтын бала, Рикки | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
185,6 см | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
82 кг[1] | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
шабуылдайтын жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері |
22 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кака (порт. Рикардо Изексон дос Сантос Лейте; 22 сәуір, 1982 жыл, Бразилиа) — Италияның Милан клубының жартылай қорғаушы. Кака атауы Рикардо есімінің қысқартылған түрі. Каканың шын аты – Рикардо Изексон дос Сантос Лейте. Алайда оның туған інісі бала кезінде ағасының толық атын дұрыс айта алмай қысқаша Кака деп атаған екен. 2002 жылғы әлем чемпионы. "Сан Паулу" футбол клубының түлегі. 2009 жылы маусым айында "Реал Мадрид" футбол клубымен келісім-шарт жасасты. Бразилия құрама командасының экс-ойыншысы.
Бразилия құрамасындағы 10-шы, Милан футбол клубында 22-ші нөмірлі жейдеде ойын көрсетеді. Бұрын Бразилия құрамасында 7 және 8 нөмірлі жейдеде ойын көрсеткен.
Кака 2007 жылы "Милан" құрамында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар сол жылы Милан Жапонияда әлемнің клубтық чемпион атағын жеңіп алды. Сондай ақ Кака ФИФА-ның кәсіподақ ұйымы ФИПРО-ның 2007 осы жылғы лауреаты. Және де беделді "Франс Футбол" басылымы Какаға Еуропаның ең үздік ойыншы деп Алтын допты салтанатты түрде тапсырған болатын.
2007 жылы Кака әлем үздігі марапаты арнайы сыйлығын өзінің жерлесі аты аңызға айналған спортшы Пеле тапсырды.
Мансап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ең алғаш 18 жасында "Сан-Паулу" футбол клубында ойнады. Алғашқы маусымда ойнаған 27 матчта қарсыластың қақпасына 12 гол соғады.
17 жасында "Сан-Паулу" клубының жастар құрамасында ойын көрсетіп жүрген кезінде, клуб басшылығы түрік Газиантепспор футбол клубымен жас маманды сату туралы келссөздер жүргізілді. Түрік футбол клубының менеджері Нурулла Саглам 17 жастағы ойыншыны белгіленген 1,5 миллион долларға сатып алудан бас тартты. Бірақ та біраз уақыттан кейін еуропаның әйгілі футбол клубтары жас ойыншының кәсіпқойлығына қызығушылық таныта бастайды.
2003 жылы Кака "Милан" футбол клубының құрамына енеді. Келісім-шарт құны 8,5 миллион еуроны құрады. Бір айдан кейін А сериясында "Анкона" командасына қарсы матчта 2-0 есебімен жеңеді. Осы маусымда 30 матчта қарсыластың қақпасына 10 гол соғып,А тобында көш жарып, УЕФА Суперкубогын жеңіп алады.
2007 жылы Кака Еуропаның ең үздік футболшы ретінде «Алтын доп» сыйлығының иегері атанды. 2007 жылы 17 желтоқсанда ФИФА-ның ұйғарымы бойынша әлемнің ең үздік футболшысы атағына ие болады (Бриллиант добы). Осы жылы Чемпиондар Лигасын жеңіп алып, осы турнирдің үздік бомбардирі болып аталды.
2009 жылы «Манчестер Сити» футбол клубы «Милан» клубына Кака үшін 100 миллион фунт стерлинг беруге дайын еді. Бірақ та Кака Милан командасынан кетуге бас тартады.
2009 жылы 8 маусымда "Реал" футбол клубының ресми сайтында Кака испан клубымен 6 жылдық келісім-шартқа отырғандығын мәлімдеген. Келісім-шарт құны 68,5 миллион еуроны құрады. Осы клубта нөмір 8 жейдеде ойын көрсетті. Вильяреалға қарсы ресми матчында алғашқы голын соғады. 2011-шы жылы Испанияның "Копа Дель Рей"-ді жеңіп алды. 2012-шы жылы Испанияның чемпионы болды, осы жылы Испанияның Суперкубогын жеңіп алды. Бірақ Жозе Моуриньо оны алаңға аса көп шығармай, көбіне қосалқы құрамда ұстап отырды да, ойын практикасы уақыт өткен сайын азая берді. Оның нәтижесінде ұлттық құрамаға шақырылмай қалды.
2013 жылы 2 қыркүйекте "Миланға" қайта оралды. 14 қыркүйекте тұңғыш ойынын өткізді. 2014 жылы 6 қаңтарда "Милан" сапындағы 100-ші голын соқты.
2014 жылы жазда "Орландо Сити" клубымен келісім шарт жасасты.
2015 жылы қысқы үзілісте формасын жоғалтпау үшін көктемге дейін туған клубы "Сан-Паулуға" жалға берілді.
2017 жылы қазан айында карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бразилия құрамасындағы тұңғыш ойынын 2002 жылы 31 қаңтарда Боливияға қарсы өткізді. 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бір кездесуге ғана қатысты, (Коста-Рикамен ойынға), соған қарамастан әлем чемпионы атанды.
Ұлттық құрама сапында қатысқан турнирлері:
- Футболдан әлем чемпионаты 2002
- КОНКАКАФ Алтын кубогы 2003
- Конфедерациялар кубогы 2005
- Футболдан әлем чемпионаты 2006
- Конфедерациялар кубогы 2009
- Футболдан әлем чемпионаты 2010
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Командалық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әлем чемпионы: 2002
- Конфедерациялар кубогы: 2005, 2009
- Италия чемпионы: 2003/04
- Сан-Паулу штатының чемпионы: 2001
- Италия суперкубогы: 2004
- УЕФА чемпиондар лигасы: 2006/07
- УЕФА суперкубогы: 2003, 2007
- Клубтар әлем чемпионаты: 2007
- Испания кубогы: 2010/11
- Испания чемпионы: 2011/12
- Испания суперкубогы: 2012
Жеке
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- УЕФА Чемпиондар лигасының үздік ассистенті: 2011/12
- «Алтын доп»: 2007
- Әлемнің үздік футболшысы: 2007
- Еуропаның үздік футболшысы: 2007
- Бразилияның үздік футболшысы: 2002
- Италиядағы жыл футболшысы: 2003/2004, 2006/2007