[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Кадр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кадр (франц. cadre – рама, лат. quadrum – төртбұрыш), кинокадр – 1) киноға түсірілген нысан қозғалысының бір сәтін немесе орнықты қалпын бейнелейтін кинопленкадағы жеке сурет. Кадрдың форматы (мөлшері) кино түсіру аппаратының кадрлық рамкасымен анықталады: 70 мм-лік кең форматты кинофильм үшін –51,5023 мм, 35 мм-лік кең экранды фильм үшін – 220018,6 мм, 35 мм-лік кәдімгі кинофильм үшін – 22016 мм, 8 мм-лік суперфильм үшін – 5,704,2 мм. Кино түсіру ісінде кадр мөлшерін дәл анықтау – оның көркемдік композициясын табудағы шешуші фактор; 2) телевизиялық кадр – бір дүркіндік телевизиялық толық кескін. Ол жарты кадр деп аталатын, толық емес екі кескіннен тұрады; 3) фотографиялық кадр – белгілі бір өлшеммен түсірілген нысанның жеке дара кескіні.

Кадр (франц. cadre – жеке құрам) – 1) кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың маманданған кәсіби қызметкерлерінің негізгі (штаттағы) құрамы; 2) мемлекеттің Қарулы Күштеріндегі нақты қызметтегі командалық және қатардағы құрам. Ел өміріндегі басты саяси және экономикалық мәселелердің дұрыс шешімін табуы – кадрдың біліміне, тәжірибесіне, жеке қасиетіне, сондай-ақ, оларды тиімді орналастырып, пайдалануға байланысты. Біздің елімізде кадрды түрлі оқу орындарында арнайы оқытып, даярлау жан-жақты жолға қойылған; қ. Білім беру.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том