Борщ
Борщ — Ежелгі Рим тағамы, әдетте ет, кейде саңырауқұлақ сорпасынан әзірленеді.[1] Мұнда ол ұлттық тағам болып саналатын және сол үшін көп мөлшерде қырыққабат пен қызылша өсірілетін. Римнен бұл көже барлық елдерге тарап, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін жинақтай бастады. Борщтың ең үздік дәмді түрі украин аспаздығында дайындалады. Сондықтан борщ украин аспаздығының басты тағамы болып есептеледі. Борщқа тек шошқа етін ғана емес, сиыр, қой, құс еттері, шұжықтар немесе тек сүйек сорпасын қолдануға болады. Көкөніс бөлігі де алуан түрлі: картоп, қырыққабат, көді, үрме бүршақ, қызанақ, алма, шалқан, сәбіз, болгар бұрышы, жүгері кіреді. Бұл көкөністердің қайсыбірі қосылса да, ең негізгі көкөніс қызылша, яғни құрамы бойынша борщ күрделі тағам, 20-ға дейін және одан жоғары құрамдас бөліктер кіреді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |