[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Бентос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бентос (грекше βένθος — теңіз тереңдігі) — су қоймаларының түбіндегі организмдер жиынтығы. Өсімдіктер бентосы (фитобентос) тайыз жағалау зонада орналасады; жануарлар бентосы (зообентос) барлық тереңдікте болады. Бентос — көптеген балықтардың жемі. Мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтағы суқоймасының түбіндегі саз-топырақ бетінде және арасында тіршілік ететін организмдер жиынтығы.[1]

Бентос фитобентос (өсімдік) және зообентос (жануарлар) болып бөлінеді. Зообентос жануарларының мынадай түрлері бар: инфауна – грунт арасында тіршілік ететіндер (көпқылтанды құрттар, қос жақтаулы моллюскілер, тікенектерілілер т.б.); онфаунагрунт бетінде тіршілік ететіндер (моллюскілердің көпшілік түрі, шаянтәрізділер, т.б.); эпифауна – су түбінде грунтқа бекініп тұратындар (губкалар, гидроидтар, маржандар, мшанкалар, т.б.). Теңіз түбінің 1 м2 ауданына келетін Бентос биомассасы бірнеше мг-нан (терең суларда), ондаған кг-ға жетеді (тайыз суларда). Тұщы суқоймаларында Бентостар теңіздегіден аздау және оның құрамы біркелкі келеді. Мұнда қарапайымдылар, азқылтанды құрттар, сүліктер, су жәндіктерінің дернәсілдері болады. Өсімдік Бентосының негізін балдырлар (оның ішінде көкжасыл балдырлар, хара балдырлары) және кейбір гүлді өсімдіктер (шылаңдар, тұңғиықтар, т.б.) құрайды. Бентостармен көптеген балықтар, ескекаяқтылар қоректенеді. Олар тамақ және жеңіл өнеркәсібінде пайдаланылады.[2][3]

Бентос, түптік фауна - теңіз және материктік суқоймалардың түбінде және грунтында, негізінен, жағаға жақын тұстарда мекендейтін организмдер жиынтығы. Фитобентос (өсімдік Бентосы) және зообентос (жануар , бентосы) деп бөледі.[4]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Benthos [1](қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Қазақ Энциклопедиясы
  3. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
  4. Қазақ тілі термињдерініњ салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6