Аттика
Үлгі:Грекия провинциясы А́ттика (көне грекше: ἡ Ἀττική, сөзбе-сөз «жағажайдағы ел») — Орталық Грекияның оңтүстік - шығыс облысы, Балқан түбегі мен Архипелаг арасындағы жалғастырып тұрған көпір. Аумағы шамамен 2200 км², солтүстігінде Беотиямен, батысында - Мегарамен, оңтүстігі мен шығысында теңізбен үласып жатыр.
Жағрапиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аттиканың көп бөлігін әктас пен мәрмәрдан түзілген қыраттар алып жатыр. Қазіргі уақытта өсімдігі аз, ашық жерлер болып келеді. Тек Киферон мен Парнастың жоғары бөліктері және Пентеликонның солтүстік - батыс баурайларында ғана қарағай және шыршалы ормандар өседі. Барлық тау жүйесінінің негізі ретінде Киферон (қазір Элатея, шыршалы қыраттар деп аталады; ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1411 м). Киферонның негізгі бұйраты Аттиканың Виотиядан бөліп тұр; Аттика Мегарадан оңтүстікке қарай бағытталған және Керата (мүйіздер) деп аталатын тармақтары арқылы бөлінеді; Киферонның оңтүстік-шығыс сілемдеріне 1413 м биік Парнас (қазір Оцея) қосылып жатыр. Оның солтүстік-шығыс тармақтары қазіргі кезде басқа атауға ие (Белетци, Армени, Мавровуно, Цастаны, Ставрокораки, Котрони) облыстың шығыс шеткейіне дейін созылып, Аттиканың бұл бөлігінде нағыз таулы елді түзеді (ежелгілердің Диакриясы мен Эпакриясы). Парнастың оңтүстік тарамына теңіз деңгейінен біршама төмен жатқан және оңтүстік бөлігінде теңізге шығып, Саламин аралына қарама-қарсы орналасқан Эгалеоста Коридаллос (қазір Скараманта) деп аталады. Афины мен Элевзиса жазықтықтарын қосатын шатқал бөлетін орталығында Пэкилион деп аталады.
Ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекеннің топырағы айтарлықтай өңкей жеңіл, біршама жұқалтау қабатты бидай өсіруге жарамсыз, арпа мен жүзім өсіруге онша қолайлы емес, бірақ зәйтүн ағашы мен інжірді өсіруге ыңғайлы тастақ әк тасты болып келеді. Сондықтан зәйтүн ағашы мен інжір ежелден осы уақытқа дейін елдің негізгі өнімдері және экспортқа шығарылатын бірден-бір тауары. Мал шаруашылығы қазіргі кезде ерекше орын алады, ал бұрынғы кездері де аттикалық жүн аса көп сұраныста болған. Таулы өлкелерде ғажайым мәрмәр өндіріледі; Көптеген жерлерде, әсіресе Пирей және Фалерн мүйісі айлағынан оңтүстік-батысқа бағыт алатын теңіз жағалауында және Колиас тау бөктерінде (қазір Гагиос Космас) ыдыстар жасауда қолданылаты саз балшық алынады. Сондықтан қыш - құмыра өнеркәсібі Афиныдағы өркендеп келе жатқан өнеркәсіп түрінің бірі болып табылады және оның өнімдері кенінен сатылады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихқа дейінгі дәуірдеге пеласгиялық элементтер мен кейіннен Афиныда әрдайым тұратын шет елдіктерді санамағанда елдің халқы ежелде ионий тайпасына жатады. Жергілікті тұрғындар өздерін автохондар, яғни байырғы тұрғындар деп атады, өйткені олардың ата тегі жергілікті топырақтан пайда болды және бағзы заманнан бері жер солардың қол астында болды. Ионикалық халықтар секілді, Аттика тұрғындар төрт атаға дейін немесе классқа (филдер) бөлінді: гелеонттар (асыл тұқымды), гоплиттер (жауынгерлер), эгикорейлер (малшылар, жалпы мағынада және жеке түрде ешкілерді) және ергадейлер (егіншілер). Аңыз бойынш елде байырғы уақыттан бері 12 дербес қалалар мен қауымдар бірлестігі болған. Олар кейінгі кездері болған Кекропия (кейіннен Афины), Элевзис, Декелея и Афидна (соңғы екеуі елдің солтүстік бөлігінде), Браурон (шығыс жағажайдың аралығында), Торикос (шығыс жағажайдың қиыр оңтүстік бөлігінде), Китерос (орналасу жері белгісіз), Сфетос және Кефисия, Марафон жазықтығындағы Эпакрия (солтүстік таулы мекен), Тетраполис (төрт қаланың бірлестігі) және Афины жазықтығының қиыр оңтүстігіндегі Тетракомия (төрт ауылдың бірлестігі) секілді кейбір елді мекендердің бірлестігі. Аңыз бойынша осы 12 қауым Тесеймен бірге біртұтас саяси тұтастықты құрды. Оның астанасы ретінде Афины болды.
Ежелгі кездегі әкімшілік бөлінуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халықтың 4 филдерге бөлінуі патша уақытында да, архонт кезінде де белес алды. Тіпті заң шығарушы Солонның өзі де осы бөлінуді алып тастауды жөн көрмеді. Сонымен бірге ол ежелгі ақсүйектердің беделін әлсірету үшін де, азаматтар арасындағы алым - салықтың ауыртпалығын бөлінуін әділ ету мақсатында да азаматтардың мүлігі бойынша жаңа 4 классқа бөліну түрін жасап шығарды. Тек Ксенифен ата тегі бойынше ежелгі бөлінуді алып тастады да оның орнына халық арасында әрқайсысы ежелгі аттикалық батырлардың атын білдіретін (Эпонима) 10 филге бөлінуді қойды.