Ашанти (мемлекет)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Координаттар: 5°27′ с. е. 0°58′ б. б. / 5.450° с. е. 0.967° б. б. / 5.450; -0.967 (G) (O) (Я)

Ашанти
Asanteman
Байрақ Елтаңба
Ашанти (мемлекет) мемлекеттік әнұраны
XIX ғасырдағы империясының картасы
Тарихы
Құрылды 1670
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі ашанти тілі
Елорда Кумаси
Үкімет түрі Абсолютті монархия
Басшысы көсем, ашантихене
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы

259 000 км² км²
Жұрты
• Сарап ([[1874[1] жыл|1874[1]]])
Тығыздығы

3 000 000 адам
адам/км²
Экономикасы
Қосымша мәліметтер

Ашанти немесе Ашанти Федерациясы немесе Эджису - ертеде феодалды тұрпаттағы мемлекет. 17 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-да Алтын Жағалау (қазіргі Гана) жерінде болған.

1697-1701 ж. құрылған. Ашанти экономикасында егіншілік мен ұсақ кәсіпшілік (көзе жасау, ағаш ою, тоқымашылық, металл өндеу т.б.) едәуір орын алған. Құл және алтын саудасы өрістеді. Мемлекетке жоғары көсем (ашантихене) басшылық етті, оның басқару орталығы Кумаси қаласында болды. Жеке облыстарда жергілікті көсемдер (оманхене) билік жүргізді. 1896 жылғы 7 соғыста Англия Ашантиді жаулап жаулап алып, жеке тайпалармен протекторат туралы келісім жасасты. Ашанти дербес мемлекет болудан қалды. 1900 ж. ашантиліктер британ отаршыларына қарсы көтеріліс жасады. Көтерілісті басөаннан кейін Англия Ашанти жерін Алтын Жағалаудағы отарына қосты. 1935 ж. ағылшындар сөз жүзінде Ашанти Федерациясын қайта құрғанмен, іс жүзінде елді Алтын Жағалаудағы ағылшын губернаторы басқарды. Тәуелсіз Гана мемлекеті құрылғаннан кейін 1957 жылғы конституция бойынша Ашанти жері облыс статусын алды[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Obeng, J. Pashington: "Asante Catholicism: Religious and Cultural Reproduction Among the Akan of Ghana", page 20. BRILL, 1996
  2. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том