Йіншүй
Йіншүй – Қытай тарихындағы Шаң әулеті дәуірінің соңғы кезеңіндегі астаналық қаланың жұрты[1].
Йіншүй – Қытайдың тарихи жазбалары мен археологиялық қазбалар арқылы нақты айғақталып дәлелденген ең бірінші көне астаналық жұрты саналады, оның тарихи, ғылыми, өнер мен мәдени құндылығы – жалпы адамзат өркениетінің тарихындағы ғаламат, жарқын, шұғылалы беттерінің бірі. Олардың ағылшын тіліндегі ресми атауы – Yin Xu.
Қазіргі ҚХР-дың Хынан провинциясындағы Аняң қаласының солтүстік-батысындағы Хуанхы өзенінің екі жағалауына орналасқан. 3300 жылдық тарихы бар елордада сегіз әулеттен шыққан 12 патша билік құрған.
Қала жұртының бөлінуі:
- орда;
- патша ғибадатханасы;
- патша кесенелері;
- кәдімгі қабірстан;
- сүйек-сауыт үңгірлері;
- мыс қорыту орны;
- нефрит және сүйек бұйымдарын жасау шеберханасы;
- тұрғындар және құлдар мекендеген тұрақ.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Көрші» әмбебап мәдени журналы, № 6591-Ж, 2009,05,№ 36
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|