Ибн әл-Жаузи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ибн әл-Жаузи, Әбул-Фарадж Әбдуррахман ибн Әбул-Хасан Әли ибн Мұхаммед әл-Қураши әт-Тайми әл-Бакри (1116 - 1201ж.ш.) - ханбалиттік факих, діндар, мухаддис, тарихшы, белгілі Бағдаттық уағыздаушы. Бағдатта туған. Жан-жақты білім алған. Оның ұстаздары сол кездегі ханбалиттік белгілі адамдар болған. Олардың ішінде факиһ және уағыздаушы ибн аз-Загуни, Әбу Бакр әд-Динауари оны сөз өнеріне үйретсе, филолог Әбу Мансұр әл-Джауалики адабтан сабақ берген. Әбу-Фадл б. Наср Құраннан және хадистен дәріс берген алғашқы ұстазы және факих Әбу-л-Хаким ан-Нахрауани, Кіші қазы Әбу Нала т.б. бар. Ибн әл-Джәузидің шығу тегі Әбу Бәкір әс-Сыддықтың ұлы Мұхаммедке шейін жетеді[1]. Оның «ибн әл-Джәузи» деп аталуының себебі оның үйінің ауласында болған «джәуз» ағашына байланысты.

Өзінің ұзақ өмірінде Ибн әл-Жаузи Бағдаттың діни-саяси өміріне белсене араласты. Дәстүрлік Исламды уағыздаушы жастайынан-ақ үлкен беделге ие болған.

1161 ж. Ибн әл-Жаузи Бағдаттағы ірі екі медресені басқаруды ұстазы ан-Нахрауанидан мұраға алады. Сол кезде, халифа әл-Мұстанджиттің тұсында, сарай мешітінде уағыз оқи бастаған.

Ибн әл-Жаузи әл-Мұстади билік құрған кезде 5 медресені басқарды, сарайда үлкен беделге ие болды. 1175 ж. халифаның қолдауымен өз тыңдаушыларын Пайғамбардың (с.а.у.) тілеулестерінің атағын лағнеттегендерді эшкерелеуге тақырлы. Ибн әл-Жаузидің халифаға үлкен ықпал ететіні және халифаның ханбалиттікке деген құрметінің күннен-күнге есе түсуі өзге мазһаб өкілдерінің арасында наразылық тудыра бастады. Әл-Мұстадидің өлімі, таққа ән-Насрдің келуі жағдайлы күрт өзгертті және Ибн әл-Жаузидің беделінің құлдырауының бастамасына айналды.

1194 ж. ханбалит уәзірі ибн Жүніс тұтқындалып, оның орнына шиит ибн әл-Кассаба тағайындалған соң, ан-Насрдың саясатын сынаған Ибн әл-Жаузи тұтқынға алынып, Уаситке жер аударылды, түрмеле отырды. Оны халифаның анасының араласуымен бес жылдан кейін босатты. Ибн әл-Жаузи салтанатпен Бағдатқа қайтып келген соң көп ұзамай қайтыс болды. Ибн әл-Жаузи - артына көп мұра қалдырған адам. Оның қаламынан шыққан мұсылмандардың дәстүрлі тәртіптерін көрсеткен 200-ден аса (кейбір деректерде одан да көп) еңбегі бар. Ең бағалысы - 10 томдық «әл-Мунтазам» - Халифат тарихы жайлы тендесі жоқ шығармасы діншіл Исламның өзінің «жаңашылдыққа» қарсы күресін Ибн әл-Жаузи «Талбис Ібіліс» атты трактатында толық ашып көрсеткен. Кейіннен ол ханбалиггік пікірталас әдебиетінің басты шығармасына айналды. Бұл еңбек, негізінен, автордың пікірінше, сопылық жолынан тайын, Исламға қауіпті «жаңашылдықтардың» кіруіне жол берген мұсылман коғамының өкілдеріне сын ретінде жазылған. Алаңда, трактаттың көп бөлігі соттардың мұсылман қоғамдастығының өміріне «кері әсер етіп» отырған «жағымсыз» үлгідегі тәжірибесі мен теориясына баға беруге бағытталған. Дәл осы мәселеге ол өзінің «Сайд әл-хатир» және «Замм әл-хауа» атты шығармаларын да арнаған. XII ғасырдың 60 - 80 жылдарында Бағдат ханбалиттерінің басшысы бола отырып, Ибн әл-Жаузи ханбалит қозғалысына үлкен әсер етті. Ол белгілі дәрежеде аскетгі-мистикалық элементгермен біріккен Исламға берілуші ретінде оны ойшыл діншілдердің философиясы мен мутакаллимдеріне қарсы қойды. Ибн әл-Жаузи «сунниттердің қайта өрлеуі мен тәуелсіз халифа билігін қалпына келтіру» саясатын қолдады. Көптеген шәкірттері ханбалиттіктің келешек тағдырында үлкен орын алса, шығармалары ханбалиттердің келешек ұрпақтары үшін құнды қазынаға айналды.[2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «әз-Зәйл» (1/399); Ибн Раджаб
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1