Жөтелшай
Жөтелшай | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
13 түрі белгілі |
Жөтелшай (лат. Betonica) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғынды жерлерде, бұталар және аршалы орман арасында, тоғай ішіндегі ашық жерлерде өсетін дәрілік (әріпдәрі) Жөтелшай (B. offіcіnalіs) және жапырақты Жөтелшай (B. folіosa) кездеседі. Биіктігі 50 – 100 см-дей. Шашақ тамырлы, тік өсетін төрт қырлы сабағы болады. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді сопақша келген, сыртын қысқа түк жапқан, жиегі иректі. Ірі, қара қошқыл, қызыл, ашық көк, түтік тәрізді тостағанша гүлдері масақ гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – жаңғақша. Әріпдәрінің гүлшоқтарымен бірге шөптерін де дәрілік мақсатта пайдаланады. Одан жасалған дәріні суық тигенде, сал болып ауырғанда, құяң кезінде ішеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |