Дәрілік жөтелшай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дәрілік жөтелшай

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Lamioideae
Тегі: Stachys
Түрі: S. officinalis
Екі-есімді атауы
Stachys officinalis
(L.) Trevis. ex Briq.

Дәрілік жөтелшай (Әріпдәрі лат. Stachys officinalis, Betonica officinalis) – ерінгүлділер тұқымдасы, жөтелшай туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Көктемде тамырынан сағақтары ұзын бір топ жапырақ және саны бірден үшке дейін жететін сабақ өсіп шығады. Төрт қырлы, түзу, түк басқан сабақтарының ұзындығы 90 см-ге дейін барады.
  • Жапырақтары сопақша келген, жұмыртқаға ұқсайды, шеттері ара тісті, сырттарында қысқа түктері бар.
  • Гүлдері қоңыр қызыл түсті, олар жоғарғы жапырақтардың қуыстарында масақ тәрізденіп шоқтала орналасқан. Гүл жапырақтары бесеу, ерін тәрізді, жоғарғы "ерні" екі бөліктен, төменгісі үш бөліктен тұрады. Маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді.

Өсетін жері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орманды жерлерде, шабындықтарда, төбелерде, орман ішіндегі жолдардың жиектерінде өседі.

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрамында илік заттар, стахидрин, бетоницин, холин және басқа да алкалоидтар бар. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинайды. Дәрілік жөтелшай халық медицинасында жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, құяң, бауыр, асқазан ауруларына қарсы қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер қан қысымын төмендетеді, жүйкені тыныштандырады, денедегі зат алмасу процесін жақсартады. Бүйрек ауруларын және атеросклерозды емдеу үшін қолданылады. Бұдан басқа өсімдіктің қақырық түсіретін қасиеті бар. Кейбір елдерде ревматизмді, қояншықты, бронх демікпесін, бас ауруларын емдейді. Өкпеден қан кеткенде де ем үшін қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.