Есінек
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Есінек (лат. Antirrhinum) – бақажапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; кейде бұта түрі де кездеседі. Солтүстік жарты шарда тараған 40-қа жуық түрі белгілі. Негізгі шыққан отаны – Оңтүстік Еуропа. Қазақстанда бау-бақшаларда арамшөп ретінде өсетін 1 түрі – ірі Есінек (А. majus) бар. Биіктігі 30 – 70 см. Сабағы бұтақталған, жапырақтары ұзынша немесе қандауыр тәрізді, жоғарылаған сайын ұсақтала береді. Гүлшоғыры шашақ пішінді. Маусым – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Есінекті сәндік өсімдік ретінде қолдан өсіреді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энцклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |