Даниэль Миттеран

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Даниэль Миттеран
Danielle Mitterrand
Даниэль Миттеран
Лауазымы
Ту
Ту
Францияның Бірінші Ханымы
1981 жыл — 1995 жыл
Ізбасары Бернадетт Ширак
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 29 қазан 1924 (1924-10-29)
Франция, Верден
Қайтыс болуы 22 қараша 2011 (2011-11-22) (87 жас)
Франция, Париж
Жұбайы Франсуа Миттеран

Даниэль Миттеран (фр. Danielle Mitterrand; 29 қазан 1924, Верден, Мез – 22 қараша 2011, Париж, Франция) – Францияның президенті Франсуа Миттеранның жұбайы,1981-1995 жылдары аралығында Францияның Бірінші ханымы, мемлекет қайраткері.

Даниэль Миттеран

Екінші Дүниежүзілік Соғысы кезінде Қарсыласу қозғалысының мүшесі және байланысшы болды. Сол жылдары ол Франсуа Миттеранмен кездесіп, 1944 жылы 28 қазанда оған тұрмысқа шығады.

1981 жылы президенттік сайлаудан кейін Даниэль Бірінші ханым атанып, қоғамдық қызметке көп көңіл бөледі. Соның ішінде үшінші дүниенің елдеріне гуманитариялық көмекпен айналысты.

1986 жылы ол өзінің «Франс Либерте – Даниэль Миттеран фонды» атты гуманитариялық ұйымын ашты. Бұл мекемеде ол өмірінің соңына дейін баспанасыздарға көмекпен айналысты.

Белсенді түрде Кубадағы социалисттік көтерілісті, Никарагуадағы сандинисттарды, Чьяпастағы сапатисттерді, Кардистан, Батыс Сахара мен Тибеттегі тәуелсіздік үшін қозғалысты қолдады.

Некеде үш ұл дүниеге келді:

  • Паскаль (1945) - балалық шағында қайтыс болды
  • Жан-Кристоф (1946 ж. Туылды)
  • Жильбер (1949 ж. Туылды)

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]