Атаксия
Атаксия (гр. ἀταξία — ретсіз) — ағзаның қозғалу функциясының бұзылуы[1].
Атаксияға шалдыққан адам бойын билей алмай шайқалақтап жүреді. Әрбір қозғалыс бұлшық еттің үйлесімді қатысуынан туады, ал бұлшық еттің жиырылуы жүйке жүйесінен келетін импульстерге байланысты. Демек, Атаксия жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан және ми мен жұлынның зақымдануынан пайда болады.
Жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы түріне қарай, Атаксия үш түріне бөлінеді:
- сензитивтік - Атаксия жұлын мен органдар жүйке жүйесін зақымдануына байланысты,
- мишықтық - Атаксия мишықтың зақымдануына байланысты,
- лабиринттік - Мидың ісуінен және онымен байланысты нервтің зақымдануына байланысты пайда болады.
Емі: Атаксия туғызған себептерді жою және емдік физкультура.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |