Taobao.com

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Taobao.com (жеңілдетілген қытай тілінде: 淘宝网; дәстүрлі қытай тілінде: 淘寶網) — қарапайым сатып алушыға негізделген қытайлық интернет-дүкен. Сайт C2C («қолданушы қолданушыға») системасы арқылы жұмыс атқарады. С2С системасы қолданушылар арасындағы сауда-саттықтың электронды түрі. Бұл жағдайда Taobao.com сайты сатушы мен сатып алушы арасында дәнекерлік қызметін атқарып отырады. Бұл сайт негізінен сауданы жеңілдету үшін Alibaba Group компаниясымен құрылған.

Taobao сайтында тауарлар өте кең ауқымда таралған. Мысалы, бұл сайтта қолданған және жаңа киімдер, аяқ киімдер, тұрмыстық техника және тағы да басқа қолданыста кең пайдаланылатын тұрмыстық тауарлар өте көп. Сатылым нақтыланған ақша арқылы және аукциондар арқылы жүреді. Бірақ бұл Taobao сайтында тіркелу үшін сенде қытайлық ұялы телефон операторының номері және қытай банкінде ақшан болу керек. Бірақ осыған қарамастан 2008 жылы Taobao сайтында тіркелген адам саны 98 млн-ға жеткен.[дереккөзі берілмеген]

2008 жылы айналым 99,96 млрд юаньға жеткен. Соның есесіне Taobao сайты 80% интернет-дүкен келісімдерін иемденіп алған. 2009 жылы 9 қазанда юаньның бір күндік айналымы 626 млн-ға жеткен.[дереккөзі берілмеген] 2011 жылы Taobao - да тіркелген адам саны 370 миллионға жеткен.

«Синьхуа ньюс» корреспонденттерінің айтуы бойынша, 2012 жылы Taobao мен төлем системасы Alipay-дың ақша айналымы триллион юаньға жеткен. Бұл көрсеткіш eBay мен Amazon ақша айналымдарымен тең. Alibaba Group болашақта компанияны үш бөлікке бөлікке бөледі деген де сөздер бар. Бұның негізгі мақсаты - бәсекелестікті көбейту, сонымен қатар бизнес модельдерін өркендету. Қазіргі таңда Taobao.com компаниясының негізгі бәсекелестері Dangdang.com және 360buy.com. Болжам бойынша, Taobao негізгі үш компанияға бөлінеді. Олар:

  • Taobao Mall (қолданушыларға тауарларды сату бөлімі)
  • Taobao Marketplace (қолданушылардың өзара саудасы)
  • eTao (қолданушыға арналған электронды сервис және іздеуші система).
Taobao.com сайты