Swatch
Swatch S.A. | |
[[Сурет:|200x200px px|логотипі]] | |
Құрылды |
1983 |
---|---|
Құрушы |
Хайек, Николас |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Арлетт-Эльза Эмш (президент) |
Басшы компания |
Swatch Group |
Swatch (Суоч) — Швейцариялық сағат маркасы, Swatch Group (The Swatch Group Ltd.) холдинінің құрамына кіреді. [1].
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Swatch компаниясының негізін 1983 жылы Николас Джордж Хайек құрды. Бұдан бір жыл бұрын кәсіпкер швейцариялық кредитор —банктерінің бірқатарынан екі ірі сағат компанияларын — ASUAG және SSIH ( Omega, Tissot, Rado, Longines және т.б. маркаларды иеленген) сатып алды.[2]. Swatch кварцтан жасалған арзан сағаттарымен сағат нарығын жаулап алған жапон сағаттарына қарсы құрылған тауарлық белгі болып саналады. Компанияның негізгі мақсаты синтетикалық материалдарды қолдану және сағат жинаудағы су жаңа технологияны пайдалану арқылы қарапайым сағатардың халық арасындағы дәрежесін қайтару болатын. Нәтижесінде, сағаттардың дизайні де қайта қаралып, 1983 жылы өзінде жоғары сапа мен қол жетімді бағаны қатар иемденген алғашқы сағаттар сатылымға түсті.
Атауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Swatch тауарлық белгісінің атауы «Swiss Watch» (Швейцариялық қолсағат) сөз тіркесінен шыққан деп саналады. Алайда, Николас Джордж Хайектің айтуынша бұл атау шын мәнінде «Second Watch» (Екінші қолсағат) сөз тіркесінен шыққан, яғни күнде қолдануға болатынб қол жетімді аксессуар деген мағынаны білдіреді[3].
Меншік иелері мен басқарма
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Компанияның дауыс беру құқығына ие акциялардың ең ірі пакеті (41 %) Хайек әулиетіне тиесілі [2].
Қазіргі әлемдегі Swatch
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Swatch 1996, 2000 және 2004 жылғы Жазғы Олипиада ойындарының ресми хронометристі қызметін атқарды. Сонымен қатар, Swatch жағажай волейболы чемпионатының демеушісі болып табылады.
Ескертулер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Swatch Group құрамына кіретін компаниялар тізімі Мұрағатталған 5 наурыздың 2008 жылы. (ағыл.)
- ↑ a b Татьяна Романова, Алексей Алексеев. Swatch негізін салушысынан айырылды // Ведомости, № 118 (2636), 30 маусым 2010 (орыс.)
- ↑ The Amazing Adventures of the «Second Watch» (ағыл.)
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Swatch компаниясының ресми сайты Мұрағатталған 24 ақпанның 2013 жылы. (ағыл.)
- Swatch Group холдингінің ресми сайты (ағыл.)