Nakajima Ki-84 Hayate

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

4-ші нұсқа (жап.四式戦闘機 yon-shiki-sen-tou-ki) немесе «Хаятэ» (жап. 疾風 - боран,дауыл) - Жапон Императорлық армиясының жойқын ұшағы. Американдықтар арасында "Френк" деп аталған бұл жойқын ұшақ Екінші Дүниежүзілік соғысының ең үздік техникаларының қатарына кіреді. 1942 жылы "Nakajima" (Накадзима) фирмасымен құрастырылған. Жобаның бас авторы - Тору Кояма. 1943 жылдан бастап соғыстың соңына дейін, зауттардан 3470 Ki-84 шығарлыған болатын. Бұл ұшақ өзінің мықты қаруының, үлкен жылдамдығының арқасында американдық Р-47 және Р-51 сияқты ұшақтарымен қақтығыста өзін жеңіл сезінетін.

Бұл ұшақтың өз серіктестерінең негізгі айырмашылығы - қорғаныс дәрежесінің жоғары болуы. Техникаға жапон инженерлері сирек қолданатын болатпен жабдықталған орындық пен резеңкемен оратылған жанармай багі орнатылған(Бак тесілген кезде, резеңке тесікті бітейтін). Сонымен қатар, ұшақтың алдыңғы кабинасы 65-мм-лік броне-әйнекпен қорғалған.

Ki-84-тің фюзеляжінде 2х12,7-мм Но-103 пулеметі мен қанатының астында 20-мм Но-5 қаруы болған. Қанаттарында 250 кг бомбалар орнатуға мүмкіндік болған.

Қозғалтқышы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұшақта 18 цилиндірлік жұлдыз-ұқсас , қуаты 1800а.т. тең Накадзима На-45 (12 үлгі) қозғалтқышы болды. Кейінрек, қозғалтқыш 21 үлгіге ауыстырылды. Сонымен бірге, ұшақта Сумитомо Ре.32 - төртпластты автоматикалық винт болған.

Соғыс барысында Ki-84 өзін мықты жойқын ұшақ ретінде көрсетті. Соған қарамастан, оған керекті материалдардың жетіспеушілігі ұшақтың сапасын төмендетті. Зауыттардың көп мөлшерде техника жасай алмауы және олардың көбінің жойылуы бұл ұшақтың толық потенциялын қолдануға мұрсат бермеді. Бірақ өзінің көптеген артықшылықтарының арқасында ұшақ соғыстың екінші жартысындағы ең үздік жойқын ұшақ деп мойындалды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Екінші Дүниежүзілік Соғысындағы авиация туралы электронды энциклопедия www.airpages.ru