JAMBYL (телеарна)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
JAMBYL
«Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы
Ел

 Қазақстан

Хабар тарату аумағы

Қазақстан Жамбыл облысы

Хабар тарату уақыты

14 сағат

Хабар тарату тілдері

қазақша, орысша

Басқару орталығы

Тараз, Сүлейменов көшесі, 6

Арнаның тақырыптамалары

әмбебап

Хабар таратуын бастады

1 қараша 1989 жыл

Иесі

«Қазақстан» РТРК» АҚ

Директоры

Гүлбаршын Құланбаева

Бұрынғы атаулары

Қазақстан-Тараз

Сайт

jambyltv.kz

JAMBYLЖамбыл облысының жергілікті телеарнасы. Терең тарихы мыңжылдықтар қойнауынан сыр шертетін Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телерадиоарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс жылнамасындағы  жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым еді.

Облыстық телеарна ғимараты

Алғашқы кездері телеарна эфирге аптасына екі-үш мәрте шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Алғашқы кезде негізінен хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай толық күрделі жөндеуден өткізіліп және техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға басыбайлы берілді. Сонымен қатар Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ Соның нәтижесінде жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.

1990 жылы елімізде тұңғыш рет «Желтоқсан жаңғырығы» фильмі «Жамбыл» телеарнасында жарыққа шығуы қоғамда  үлкен резонанс тудырды. Бұл фильм кейіннен барып Республикалық арналарда көрсетілді. Облыстың ақпарат кеңістігінде әр жылдары ЖТД, Қазақстан – Тараз деп аталып келген телерадиоарнаға 2017 жылы ребрендинг жасалып, «JAMBYL» атауы берілді.

30 жылдан астам телеарна аймақтың мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосып келеді. Аймақ айнасы 2019 жылы өзінің 30 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті.

Телерадиоарнаны басқарған азаматтар:

1.    Әбжан ЖАҚСЫБЕКОВ

2.    Елен ӘЛІМЖАН

3.    Мұса РАҺМАНБЕРДІ

4.    Әлмұқан ИСАҚ

5.    Бекет МОМЫНҚҰЛ

6.    Әлібек ЖАРТАЙҰЛЫ

7.    Қалыбек АТЖАН

8.    Аязби АҚБЕРГЕНҰЛЫ 

9.    Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

10.  Жасұлан ӘБДІХАЛЫҚ

11.  Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

12. Гүлбаршын ҚҰЛАНБАЕВА (қазіргі директор)

Телеарнадан түлеп ұшқан көптеген азаматтар елге белгілі тұлғаларға айналды.

Қазігі «JAMBYL» телерадиоарнасы – уақыт талабын тақымдап келеді.

Корпорацияның филиалдары арасында – шағармашылық жағынан да, қаржылық табысы жөнінен де жылдар бойы үздік бестіктің ішінде. 

Барлығы штатта 75 қызметкер және азаматтық келісім –шарт бойынша 15 адам  жұмыс істейді. Олардың 85 пайызы жоғары білімді.10 пайызы орта арнаулы оқу орындарын бітіргендер.

«Қазтелерадио» АҚ, «OTAU TV» және   кабель операторлары: «Алма ТВ», «ID TV (Alcatell)») Республика көлеміне таралып отыр.

Тәулігіне 17 сағат эфирдің 80 % - қазақ тілінде; 20 %- орыс тілінде

Оның ішінде өзіндік өнім 71 пайызды құраса, қалғаны кино және басқа да  өнімдер.

Күнделікті 3 мезгіл жаңалықтар қызметі тікелей эфирге шығады.

Аптасына 30-дан аса хабар көрерменге жол тартады.

Ал, ғасырға жуық тарихы бар «JAMBYL» радиосы 100.8 жиілігі арқылы тәулігіне 2 сағат хабар таратады. Бүгінде радио қоржынында 19 хабар бар. Күнделікті тікелей эфирде «Жаңалықтар» эфирге шығады. Радионың аға жетекшісі – белгілі қаламгер, сатирик Бақытжан Советұлы Әлімқұов.  

Жаңалықтар мен хабарларда аймақ тынысы, сан саланың қыруар жұмысы қамтылады. Ауыл тіршілігі, мемлекеттік бағадарламалардың орындалуы, шалғайдағы шаруа да – телеарна эфирінде.

Сонымен қатар, ел тарихындағы елеулі оқиғалар мен елге белгілі тұлғалардың таспаға басылған тарихы да – телерадиоарнаның алтын қорында!

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]