III Сәлім

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

III Сәлім
осман. سليم ثالث‎ — Selîm-i sâlis
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
III Сәлім
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 28-ші сұлтаны
Ислам халифатының 93-ші халифі
7 сәуір 1789 — 29 мамыр 1807
(Лақап аты Низами III Сәлім)
Ізашары I Әбділхамит
Ізбасары IV Мұстафа
Өмірбаяны
Мамандығы Сазгер
Діні Ислам
Дүниеге келуі 24 желтоқсан 1761 (1761-12-24)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 28 маусым 1808 (1808-06-28) (46 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Жерленді III Мұстафа мазары, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі III Мұстафа
Анасы Михришаһ сұлтан
Жұбайы Нефизар сұлтан
Хүснимаһ сұлтан
Зибифер сұлтан
Афитап сұлтан
Рыфат сұлтан
Нұришәмс сұлтан
Гонжанигяр сұлтан
Демхош сұлтан
Табисафа сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
III Сәлім Ортаққорда

III Сәлім (осман. سليم ثالث‎ — Selîm-i sâlis; сазгерлік лақап аты — İlhami; 24 желтоқсан 176128 маусым 1808) — Османлы мемлекетінің 28-ші сұлтаны, Ислам халифатының 93-ші халифі, сазгер.

III Сәлім 1761 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны III Мұстафа шаңырағында дүниеге келді.

III Сәлімнің жүліс рәсімі. Константин Қапыдақты

III Сәлім 1789 жылы өзінің көкесі I Әбділхамитті тақта ауыстырды. Жаңа сұлтанда османлы әскерін еуропалық үлгімен жаңарту ниеті болды. Бірақ елдің қаржылық жағдайы осы жоспарларды жүзеге асыруға кедергі болды. III Сәлім таққа отырған кезде османлылар Ресеймен соғысып жүрген, ал сұлтан бұл соғысты 1791 жылы Яссы бітім шартымен аяқтады.

1798 жылы француз генералы Наполеон Бонапарт бастаған француз әскері Мысырға басып кірді. Сондықтан III Сәлім Францияға соғыс ашты. Сол соғыс тек 1802 жылы аяқталған соң, сұлтан өзінің жаңартпаларын жүзеге асыра бастады. Ол әкімшілік аппараттағы пайдалы жаңартулар жасады (әсіресе бұл бюджет мекемелеріне қатысты), лендік иеліктердің әскери басқармасын жойды, халық арасында ағарту ісі мен білімді таратты, сұлтанның қолдауымен көптеген еуропа тілдерінде, әсіресе француз тілінде жазылған соғыс ісі, математика және т.б. қатысты кітаптар османлы тіліне аударылды, 1792 жылы типография өз жұмысын қайта бастады. Бірақ сұлтанға ең қажетті нәрсе — жаңа шеріктердің ықпалынан құтылу болды. Себебі, бұл әскери бірлестік өз білгенінше сұлтандарды бір-бірімен ауыстыратын, оған қоса соғыста пайданы өте аз әкелетін.

III Сәлім Орас Себастьяни атты француз генералын шақырып, соның көмегімен "Низам-и Джедид" (осман. نظام جديد‎ — Nizam-ı Cedid) атты әскери жаңартпа жиынтығын жүргізе бастады. Алайда халық пен әскер бұл жаңартпаларға мүлдем дайын болмады. Оның үстіне өте қымбат салықтарға наразы болған ауылдар мен қалалар тұрғындары сұлтанның жағдайын одан әрі ушықтырды. Ақырында наразы тұрғындар көтеріліс жасап, Константинопольді жаулап алып, IV Мұстафаны таққа отырғызды.

III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылғаннан кейін Топқапы сарайындағы зынданға қамалды. Келесі жылы Әлемдар Мұстафа паша бастаған III Сәлім қолдаушылары оған тақты қайтару ниетімен Константинопольге басып кіріп, бұрынғы сұлтанды қамаудан босатпақшы болды, бірақ қолдарынан келмеді. Себебі, 1808 жылдың 28 маусымында IV Мұстафа III Сәлімді өлім жазасына кесуге үлгерген.

Реформалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сұлтан үкiметi мүлдем әлсiреп, еуропалықтарға тәуелдiлiгi күшейе түстi. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы тез арада реформа жүргiзу керек болды. Бұл мiндеттi жаңадан таққа отырған түрiк сұлтаны III Селим (1789-1807) атқарды. Ең бiрiншi кезекте елдiң әскери күш-қуатын сақтап қалу үшiн әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгiде даярлауға көшiрдi, флотты қайта құрды. Жаңа тұрақты әскердiң құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Олар өздерiнiң барлық жеңiлдiктерiнен айырылып қалудан қауiптенген едi. Сөйтiп, янычарлар консервативтiк топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүлiк жасайды. Көтерiлiс еуропалық бөлiкте басталып, одан әрi Стамбұлға тарады. Янычарлар көтерiлiсi салдарынан 1807 жылы III Селим тақтан кетiрiлiп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жазаланды. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсiздiкпен аяқталды.Осман империясында реформа жасау әрекеттерiн жалғастыруды Румелиядағы билеушi Мұстафа паша Байрақтар қолға алады. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жаны қас, консервативтiк пиғылдағы IV Мұстафа орнынан түсiрiлiп, сұлтан тағына жас II Махмұт отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзi ұлы уәзiр қызметiне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетiне кiрiседi. Бiрақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргiзуде III Селим жолын қайталамауға тырысады.

Сазгерлік өнері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
III Сәлім. Константин Қапыдақты

III Сәлім сазды өте ұнататын. Сұлтан танбур мен нее деген аспаптарда ойнайтын, бірақ ең бастысы — ол әнді өзі шығаратын. Османлылар оның басқа сұлтандардан осындай айырмашылығына байланысты Сазгер (түр. Bestekâr) деген лақап ат қойды. III Сәлім, шынымен, сазгер ретінде, мугам стиліндегі 14 композицияның авторы болып саналады. Сонымен қатар сұлтан Османлы мемлекетінде сол кезде өмір сүрген көптеген сазгерлерді, соның ішінде Деде әфенді мен Амбарцум Лимонджянды қолдап отырды.

Садрағзамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
185 Қожа Жүсіп паша 7 сәуір 178928 мамыр 1789 3 ай
186 Кетхүда Хасан паша 28 мамыр 17892 қаңтар 1790 8 ай
187 Алжирлі Ғази Хасан паша 2 қаңтар 179030 наурыз 1790 2 ай
188 Рущукті Шелебизада Шәріп Хасан паша 16 сәуір 179012 ақпан 1791 10 ай
189 Қожа Жүсіп паша 12 ақпан 17914 мамыр 1792 1 жыл 3 ай
190 Дамат Мелек Мехмет паша 4 мамыр 179221 қазан 1794 2 жыл 5 ай
191 Сапыранболулы Ізетті Мехмет паша 21 қазан 179423 қазан 1798 4 жыл 2 күн
192 Көр Жүсіп Зияуддин паша 23 қазан 179824 маусым 1805 6 жыл 7 ай
193 Бостаншыбасы Хафиз Ысмайыл паша 24 қыркүйек 180513 қазан 1806 1 жыл 1 ай
194 Ибраһим Хильми паша 13 қазан 180629 мамыр 1807 7 ай
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
I Әбділхамит
III Сәлім
7 сәуір 178929 мамыр 1807
Ізбасары
IV Мұстафа
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат