[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

H&M

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

H&M (Hennes & Mauritz) – әртүрлі киім үлгілерін өндіретін швед компаниясы [1]. Еуропадағы ең ірі киім саудасы желісі. Штаб-пәтері Стокгольмде орналасқан. Компания қызметі сәнді әрі сапалы киімдерді қолжетімді бағамен ұсынуға бағытталған.

1947 жылы Эрлинг Перссон Швецияның Вестерос қаласында «Hennes» (швед. «ол үшін») әйелдер киім дүкенін ашты. Кейіннен 1968 жылы Эрлинг аңшылар мен балықшыларға арнаған «Mauritz Widforss» дүкенін иеленеді. Уақыт өте келе ол ерлер мен балаларға арналған киімдер шығарумен айналыса бастады. Осылайша компания атауы «Hennes & Mauritz» болып өзгереді.

Бүгінде «H&M Group» ұсынған киім-кешек пен косметикалық өнімдер шамамен әлемнің 37 елінде орналасқан 2000-ға жуық дүкенде сатылымға шыққан.

Компанияның басты акционері – «H&M» директорлар кеңесінің төрағасы Стефан Перссонның отбасы. Оның отбасы акцияның 37 пайызына иелік етеді. Компания президенті және бас меңгерушісі – Карл-Йохан Перссон.

Компания сапалы әрі қымбат емес киім өндірісімен және саудасымен айналысады. Киімнен бөлек H&M тұтынушыларына өзге де үй жиһазы тауарларын ұсынады. Компания қызметі әлемнің 35 еліндегі 1988 дүкен арқылы жүзеге асырылады (2009 жылғы мәлімет бойынша).Оның тауарлары көп жағдайда компанияның иентернет-каталог бойынша тарайтын. Сондықтан көп жағдайда оның тауарларын Дания, Финляндия, Германия, Нидерланд, Норвегия, Швеция секілді интернет-дүкен арқылы сауда жасау қарқынды дамыған мемлекеттерде тұтынады.

Компанияда шамамен 80000-дай қызметкер еңбек етуде. 2009 жылы оның сауда айналымы 118 700 млн швед кронасына тең болды.

Серіктестік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2004 жылдан бастап компания танымал дизайнерлермен қолтықтаса жұмыс жасап, жаңа сән топтамаларын жарыққа шығаруды қолға алды. Жоғарғы сән өнімдері қарапайым халыққа қолжетімді әрі тиімді бағамен ұсынылғандықтан бұл топтамалар үлкен танымалдылыққа ие болды. Мәселен, 2004 жылдың қараша айында H&M дүкендерінде сатылымға шыққан Карл Лагерфельдтің эксклюзивті топтамасы бір сағаттың ішінде түгі қалмай сатылып кеткен. 2005 жылдың қарашасында Стелла Маккартнидің, 2006 жылдың қарашасында Viktor & Rolf авангардты нидерланд сән үйінен жаңа киім үлгілері жарыққа шықты.

2007 жылдың маусымында Maxis ойындар жасаушысымен бірлесе отырып H&M The Sims 2 ойынына қосымша H&M Fashion Stuff-ті жасап шығарды. Оған 60 киім сәнгері мен 3 H&M дүкені қатысады.

Сондай-ақ 2007 жылдың қарашасында итальяндық дизайнер Роберто Каваллидің сән үлгілері назарға ұсынылса, сол жылы Шанхайда Кайли Миноугтан суға түскенде киетін киімдер топтамасы сатылымға шыққан болатын. Ал 2008 жылдың күзінде жапониялық бренд Comme des Garçonsпен бірлесе отырып жарыққа шығарған жаңа киім үлгілері компания атын әлемге әйгілі ете түсті.

Компания ұсынған 2009 жылғы маусымдық топтама британ модельері Мэтью Уильямсонның сән үлгілерінен тұрды. Алғашқы топтама әйелдер мен балаларға арналған киім үлгілерін қамтып, тек кей дүкендерде ғана сатылды, ал әйелдер мен ерлерге арналған екінші топтама компанияның барлық дүкендерінде сатылымға түсті. 2004 жылдың 14 қарашасында Jimmy Choo аяқ-киім және сөмкедел топтамасы жарыққа шығып, ол компанияның 200 дүкенінде сатыла бастады.

Компания сонымен қатар Соня Рикельмен де бірлесе жұмыс жасайды. Нәтижесінде сол жылдың 5 желтоқсанында олар әйелдерге арналған тоқыма киім-кешек топтамасын, кейіннен іш киімдер топтамасын жарыққа шығарды. 2010 жылдың аяғында Lanvin сән үйімен бірлікте жасап шығарылған тағы бір сән әлемін дүр сілкіндірген топтама дүниеге келеді.

H&M компаниясы дүкендерін безендіру және жарнамалау үшін дәстүрлі түрде ақ фонға түскен сәнгерлер постерлерін қолданады. Жарнамалық кампанияларда түрлі танымал сәнгерлер бірінші орында тұрады. Мәселен, 2009 жылдың маусымдық топтамасында Саша Пивоварова мен Энико Михалик компанияны жарнамалау ісіне араласса, 2010 жылдың маусымдық топтамасын халыққа Джон Кортахарен ұсынды.

«H&M» Ресейде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылдың 13 наурызында Ресейдегі «Метрополис» сауда орталығында (Мәскеу, Войковская метросы) «H&M» компаниясының дүкені ашылды. Сондай-ақ компания дүкендері сауда-ойын-сауықтық «Мега Химки», «Мега Белая Дача»(Мәскеу облысы), «Атриум», «Вегас» секілді сауда-ойын-сауық орталықтарында, сонымен біге Санкт-Петербург, Ростов-на-Дону, Воронеж, Екатеринбург, Қазан қалаларында бар. Ресейдегі дүкендерінің жалпы саны 2011 жылы 15-ке жетті. Компания дүкендері ең көп шоғырланған мемлекет – Германия. Онда 377 дүкен орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/H%26M