Evernote

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



iOS-қа арналған Evernote бағдарламасының скриншоты
Жасақтаушылар Evernote Corporation
Stable release 4.6.6.8360
Development status Белсенді
Операциялық жүйесі Microsoft Windows, OS X, Chrome OS, Android, BlackBerry OS, BlackBerry Tablet OS, iOS, webOS, Windows Mobile, Windows Phone
Түрі Жазбаларды жазуға, синхрондауға, іздестіру мен іріктеп, сақтауға арналған қондыртпа
License Freemium
Сайты evernote.com
Phil Libin, Evernote CEO, at LeWeb

Evernote — Жазбаларды, оның ішінде мәтіндік жазбаларды, уеб-парақтарын, тізімдерді, фотосуреттер мен кескіндерді, электронды хаттарды және т.б. ақпарат түрлерін сақтау, синхрондау мен іріктеп іздестіруге арналған онлайн ғаламтор қызметі әрі түрлі операциялық жүйелерге арналған компьютерлік бағдарлама.

2011 жылдың желтоқсанына қарай Evernote-та 20 млн. қолданушы тіркелген болатын[1].

Қызмет АҚШ-тың Калифорния штатындағы Саннивейл қаласында Evernot компаниясы тарапынан ашылған. 2009 жылы Тройка Диалог және DoCoMo компаниялары Evernote қызметіне $6,5 млн. көлемінде инвестиция құйды.[2][3]

2009 жылдың 2 сәуірінде Evernote қызметі орысшаландырылды — уеб-сайты мен локалды клиенттері аударылып, ал мәтінді талдап-оқу технологиясы кескіндердегі орысша мәтіндердің индекстелуіне ие болды[4].

14 сәуір күні Evernote пен Twitter-дің өзара байланысуы жайлы хабарланды. Қолданушылар екі қызметтегі өзінің тіркеу жазбаларын байланыстырып Twitter-ден жазбаларды Evernote-қа тікелей жібере алу мүмкіндігін иеленді[5].

2009 жылдың 26 маусымында жазбаларға біріккен қолжетімділік қызметі кеңейе түсті — нақты бір топтардың жазба кітаптарын оқу мен өңдеу режимдері іске қосылды[6].

Негізгі мүмкіндіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жазбаларды ғаламдық тордан, компьютерлік бағдарламадан және ұялы телефоннан (Windows Mobile, Windows Phone 7, iPhone мен Android) синхрондау және қолжетімділік мүмкіндіктері;
  • Жазбаларды ілмек санаттары бойынша іріктеу;
  • Атын, уақытын, ілмектері мен кескіндердің және т.б. болуын қамти отырып, жазбаларды фильтрлер бойынша тез іздестіру. Іздестіру кезінде кескіндердегі мәтінді талдап-оқу қолданылады;
  • Жазбаларды құру букмарклеті, жазбада белгіленген мәтінді, уеб-парақты тікелей сақтай алу және «жолшыбай» жазбаларды тікелей уеб-браузерден құра алу мүмкіндіктері;
  • Жеке жазба кітаптарына бірлескен қолжетімділік мүмкіндігі;
  • Жазбалардың гео-белгілері, мысалға, белгілі бір аймақта жасалған жазбаларды іздестіруге мүмкіндік береді;
  • Кескіндердегі орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі баспа және қолжазба мәтіндерін талдап-оқу мүмкіндігі;
  • Түрлі белгілер бойынша жазбаларды жан-жақты факторлар бойынша іздестіру;
  • «сандық сиямен» (digital ink) жазылған қолжазбаны талдап-оқу мен сараптау;
  • «Сандық сия» мәтіндерін біркелкілеу.

Жазбаларды келесідей тәсілдермен қосуға болады:

  • үстел компьютері, ұялы және Evernote-тың уеб нұсқасы арқылы түбегейлі құру,
  • фотоға түсіру арқылы,
  • алмасу буферіне орналастыруға болатын ақпаратты, яғни уеб-парақтарды, экран кескіндерін көшіру арқылы,
  • Файлдар мен құжатта белгіленген бөлшектерді Mac OS X пен Windows-тың үстел компьютері үшін арналған клиенттеріне тасымалдап көшіру арқылы,
  • электронды поштаға жіберу арқылы,
  • сканерлеу арқылы,
  • дыбыс жазғышқа оқи отырып,
  • Twitter-ден жазу арқылы.

Windows пен Mac OS X арналған үстел компьютері клиенттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • мәтіндік және дыбыстық жазбаларды құру
  • кескіндердегі баспа және қолжазбаларды талдап-оқу
  • құжаттар мен уеб-парақтардағы мазмұнды көшіріп алу
  • сервермен синхрондалу мен басқа клиенттерде құрылған жазбалар болса да соларға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету

Уеб-шолғыштарға арналған уеб-клиппер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • уеб-парақтан керекті мәтіннің бөлігі мен кескіндерді көшіру
  • үстел компьютері клиентін ашпай жатып жаңа мәтіндік жазба құру (бұл жағдайда жазбаны құрып жатқан сәттегі ашық тұрған беттің URL-ы сақталады)

Windows Mobile арналған қондырғы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Windows Mobile құрылғысынан Evernote-қа фотосуреттер мен жазбаларды жіберу
  • барлық жазбалар бойынша тездетіп іздестіру мен оларға қолжетімділік

iPhone/iPod Touch арналған қондырғы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • жазбаларды құру, түзету мен іздестіруге шұғыл қолжетімділік
  • өзінің тіркеу жазбасына тікелей фотоға түсіріп алу
  • дыбыс жазбаларын жазу
  • оффлайн жағдайында көрінетін жазбаларды таңдау
  • GPS арқылы жазбаларға гео-белгілерді тіркестіру

Android арналған қондырғы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • қашықтағы мәлімет базасы бойынша жазбаларды іздестіру
  • мәтіндік, фото және дыбыс жазбаларын құру
  • өзінің тіркеу жазбасына кез-келген файлдарды жіберу

U3 флеш-жинақтаушыларына арналған нұсқа

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • қонақ компьютеріне орнатпай жатып, флэш-жинақтаушыдан тікелей іске қосылатын нұсқа

Ұқсас бағдарламалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ескертулер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Evernote hits more than 20M users.
  2. ВЕДОМОСТИ — $2 млн на память
  3. «Тройка Диалог» продала свою долю в совместном с РТ венчурном проекте - Evernote
  4. Evernote заговорил по-русски " Блог Evernote Мұрағатталған 6 сәуірдің 2014 жылы.
  5. Evernote + Твиттер = моментальная память " Блог Evernote Мұрағатталған 17 сәуірдің 2009 жылы.
  6. Совместный доступ к блокнотам: Первый этап. " Блог Evernote Мұрағатталған 2 шілденің 2013 жылы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]