.gb

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
.gb
Енгізілгені 27 шілде 1985
TLD түрі Ел белгілемесі бар жоғары деңгейлі үйшік
Күйі Белсенді емес
Тіркеушісі JANET (Jisc)
Демеуші ұйымы
Мақсаты Ұлыбританиямен байланысты субъектілер
Көкейтестілігі .uk үйшігімен алмастырылды және қолданыстан шықты
Тіркеме тежеулері Қазіргі уақытта тіркеу жүргізілмейді
Құрылымы Бұрын hmg.gb доменінде болған үкімет сайттары
Құжаттар Жоқ
Ережелер пікірталасы Жоқ
Ғаламтор торабы Жоқ

.gbБіріккен Патшалыққа арналған резервтелген ел белгілемесі бар (ccTLD) жоғарғы деңгейлі интернет үйшігі. Бастапқыда Ұлыбританияның әріптік кодына сәйкес (Great Britain; ISO 3166-1 бойынша) аталған үйшік, кейіннен .uk үйшігіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта тіркеу жүргізу мүмкін емес.

.gb интернет үйшігі 1984 жылдың қазан айында RFC 920 стандартымен енгізілді.[1] Бастапқыда ISO 3166-1 тізіміне сәйкес мемлекет атауының екі әріптік кодын қолдану арқылы ел белгілемесі бар жоғары деңгейлі үйшік болып құрылған бұл интернет үйшік кейін өзінен бірнеше ай бұрын бөлек құрылған .uk үйшігіне тез арада алмастырылды.[2] Сондықтан, .gb ешқашан кеңінен қолданылмаған және қазіргі таңда бұл интернет үйшігіне тіркелу мүмкін емес.

.gb бірнеше жылдар бойы негізінен Ұлыбритания Үкіметі сайттары, өзге де үкіметтік ұйымдар мен X.400 негізіндегі электронды пошта инфрақұрылымын пайдаланатын коммерциялық электронды пошта қызметтері пайдаланды.[3]

2022 жылдың қараша айы бойынша Ұлыбритания орталық цифрлық және деректер кеңсесі 2023 жылдың басында ICANN-ді Ұлыбритания .gb үйшігін толық қолданыстан шығаруға ниетті екенін хабарлауды жоспарлап отыр.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дж. Постель және Дж. Рейнольдс (Қазан, 1984 жыл), Request for Comments: 920, Network Working Group, http://tools.ietf.org/rfc/rfc920.txt 
  2. Milton Mueller (2002), Ruling the Root: Internet Governance and the Taming of Cyberspace, Кэмбридж, Массачусетс: MIT Press, p. 79, ISBN 9780262632980, https://books.google.com/books?id=sMKmdJq7iE0C&pg=PA79 
  3. Crepin-Leblond, Olivier M. J. International E-mail Accessibility (2003).
  4. Is it time to retire the .gb top level domain?. UK Government (15 November 2022).

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]