Үйші
Үйші — киіз үйдің сүйегін, қаңқасын жасайтын шебер. Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз үй сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауықтан тұрады. Үйші балта, пышқы, үстірік (сүргі), бұрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау секілді аспаптарды, өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдарды пайдаланып, киіз үй сүйегін дайындаған. Үйдің уық, керегелері талдан, қара мойылдан, шаңырағы, маңдайша мен табалдырығы қайыңнан жасалынады. Киіз үй сүйектерінің барлығы да морға салып балқытылған, тезге салынған, иіліп, ырғаққа тастап кептірілген. “Тоғай аралаған — үйші, ел аралаған — сыншы” секілді мақал-мәтелдер халықтың Үйші шеберлерге зор құрметпен қарағандығын көрсетеді. Қазақ Ү-лері қолынан шыққан киіз үй сүйегі ұлттық қолөнердің бірегейлігін айғақтайды.
Үйші ызбрайлары, саймандары:
- Тез – қоздан шыққан ағаштарды түзететін қондырғы.
- Сықаурын – ағаштың қисық жерлерін түзететін тез құралы.
- Жоңғы – үй ағаштарының сыртын өңдейтін құрал.
- Үскі – кереге желісінің көк өткізетін көздерін жҽне уық алақанындағы уық бау өткізетін көзді тесу үшін арнайы жасалған құрал.
- Ырғақ – кереге сағаналарының мүсін біркелкілігін сақтау үшін арнайы жасалатын қалып.
- Уық қалпы – тегіс жерге қағылған үш ағаш қазық. Тезден шыққан уықтардың иіні жазылып кетпеуі үшін арнайы жасалатын қазық қалып.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- ↑ Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0