Құмқазар
Құмқазар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Arenicola marina [1] (Linnaeus, 1758) |
Құмқазар (лат. Arenicola marina) – көпқылтанды құрт.
Тіршілігі мен сыртқы құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теңіз түбіндегі тұнба немесе құмнан ін қазып тіршілік етеді. Басқа көпқылтаңды құрттар секілді денесі созылыңқы, өте көп буылтықты және буылтықтарында шоқтанып орналасқан қылтанды болып келеді. Құрттар қылтандары арқылы су түбінде жорғалап жүреді (қылтандар аяқтың қызметін атқарады). Құмқазардың түсі- қошқыл қоңыр, құмнан U тәрізді ін қазып, іннің шұқырақты аузынан қорегін аңдиды. Бұл кезде балықтар үйіндісінен шығып жатқан құмқазардың құйрығын қорек етеді. Қылтандары іннің қабырғасына тіреліп, аман қалған құмқазар бөлігі біраз уақыттан соң қалпына келеді. Тармақталған шоғырлы қызыл желбезектері құмқазар денесінің ортаңғы бөлігінде орналасады, оның тұрқы 30 см шамасында болады.
Денесі шамамен үш бөліктен тұрады: басқы бөлігі, көптеген буылтықтардан құралатын тұлға бөлігі және қысқалау келген аналь бөлігі. Құмқазардың денесінде көп қылтандардың болуы, оның алдағы уақыттағы аяқтарын білдіреді.
Тері-бұлшықет қапшығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Денесі құрт тәрізді созылыңқы және сәл жалпақтау болып келеді.Бас бөлігі бастан және ауыздан құралады. Көпқылтандылардың аналь бөлігінен басқа дене бөліктерінде аяқтың қызметін атқаратын қылтандары болады. Денесі бір қабатты эпителиймен қапталған, оның сыртын кутикула қаптайды. Тері-бұлшықет қапшығы екі қабаттан: эпителий астында сақиналы бұлшықет қабаты, оның астында бірыңғай салалы бұлшықет қабаттарынан құралады. Құрттар осы бұлшықеттері арқылы созылып-қысқарып, ирелеңдеп жүре алады.
Дене қуысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дене қуысы тері-бұлшықет қапшығының астында сұйықтыққа толы болады. Сол сұйықтықта құрттың ішкі мүшелері орналасады. Дене қуысы жұмыр құрттардағыдай бүкіл денеге созылмай, буылтық сайын перделермен бөлінеді.
Тыныс алуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тынысалу мүшесі-желбезек. Терісі де тыныс алуға қатысады.
Зәр шығаруы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оның зәр шығару жүйесі ашық болады. Әрбір буылтықтарда зәр шығару мүшелері болады. Зәр шығару мүшесінің кірпікшелі шұқырағы буылтық қуысына ашылады, денедегі қажетсіз зат дененің қабырғасындағы арнаулы зәршығару тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Қан айналымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оның тұйық қанайналым жүйесі бар. Мұнда екі тамыр- арқа және құрсақ қан тамырларының тақаратын мәні зор. Тамырлар құрт денесінде ішектің үстіңгі және астыңғы жағында орналасып, әрбір буылтық сайын бірімен-бірі сақиналы тармақтар арқылы жалғасады. Құрттың арқа тамыры жиырылады, қанды лүпілі арқылы басына қарай айдайды, ал қан құрсақтамырға сақиналы тармақтар арқылы таралады. Құрсақтамырдағы қан дененің соңғы бөлігіне қарай жылжиды. Қанның түсі - қызыл.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 65 б., ISBN 5-625-03599-7