[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Қашқар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қашқар, Қашғария — Батыс Қытайдағы Тянь-Шань, Памир, Кунь-лунь және Бэйшань тауларымен шектелетін өлке. Ұйғыр халқының ежелгі мекені. Қашқар халқы қазақтармен ертеден араласып тұрған. Қазақтар оның Қашғар, Тұрпан, Жаркент, Ақсу қалаларына барып, сауда-саттықпен айналысқан. Сондықтан Қашқар қазақтар тарихымен тығыз байланысты. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде уақытша ұйғыр ханына қараған, Аңқара, Енисейден келген халықтар (қазақ болуы мүмкін) хақында айта келіп: «Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті» деген дерек береді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9