Экзон
Ген екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - экзондар, олар тікелей тиісті ақуыз синтезіне қатысады. Екінші бөлігі - интрондар, олар «піскен» мРНҚ-да табылмайды. Экспрессия процесінде геном нуклеотидтер реттігінде сəйкес тікелей ДНҚ-дан РНҚ көшірме алады. Осылай РНҚ ізашар түзіледі. Бірақ ол тікелей ақуыз синтезіне пайдаланылмайды. мРНҚ ізашардан интрондарды бөліп тастағаннан кейін "піскен" мРНҚ түзіледі, ол тек қана экзондардан тұрады. Бұл процесс РНҚ сплайсингі деп аталады.
Экзон (ағылш. ex(pressi)on — «көрініс») - ақуыздың түзілуін анықтайтын генетикалық ақпаратты алып жүруші геннің айқын білінетін бөлігі. ДНҚ-ның экзоны сәйкес келетін бөлімі белоктың алғашқы құрылымын анықтайтын ақпараттық РНҚ молекуласында да болады. Экзон ген құрылымындағы басқа фрагменттер - интрондармен кезектесіп келіп отырады[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілінің терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. -Алматы: Мектеп баспасы, 2002.