Төменгі Аустрия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Төменгі Австрия (нем. Niederösterreich) — Австрияның солтүстік шығыс территориясында орналасқан федеративті аймақ. Халқы 1,546 млн адам (2-ші орын; 2001 жылғы ақпараттар бойынша). Территорияның аумағы 19 178 км² (1-ші орын).

Төменгі Австрияның әкімшілік орталығы Санкт-Пёльтен қаласы, оның халқының саны 50 мың адам. Санкт-Пёльтен Венада 60 км батысқа қарай, Мостфиртель районында орналасқан. Қала Трайзен өзені маңында, Дунай өзені мен Альп тауларының ортасында орналасқан. Ол Австрияның ескі қалаларының бірі болған, Тарихта ол оның астанасы да саналған. 1986 жылдан бастап — Австрияның ең жас әкімшілік орталығы. Төменгі Австрияның басқа үлкен қалаларына Винер Нойштадт (39 мың адам), Кремс (23,5 мың адам) және Вайдхофен-Иббсе (11,5 мың адам).

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Төменгі Австрия жері —Австрияның федералды отары, Мемлекеттің солтүстік-шығысында орналасқан. Сыртқы шекаралары бойынша Төменгі Австрия Чехия және Словакия мемлекеттерімен шектескен, ішкі шекаралары бойынша — автриялық федералды отарлар Жоғарғы Австрия, Бургенланд, Штирия және Австрияның астанасы Вена қаласымен шектеседі.

Осы аймақтардағы жердің қабаты түрлі аймақтарда бір бірінен ерекшеленеді. Осылайша, Мостфиртель районының территориясы өзінің ауларымен ерекшеленеді, олардың жоғарылығы 2076 м. (Шнееберг).

Төменгі Австрия суларға өте бай. Дунайдың оңтүстік жағында Эннс, Иббс, Эрлауф, Мельк, Трайзен, Швехат, Фиша және Лайта сияқты өзендер бар. өзендерден басқа да Төменгі Австрия жерінде 2 үлкен өзен бар: Лунцерзее (0,69 км²) және Эрлауфзее (0,56 км²).

Кіші Австрияның ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай— 170 км, батыстан шығысқа қарай — 180 км. Кіші Австрияның аумағы 1,9 млн га, оның 42 % (700 мың. га) жай жерлер, 40 % (671,1 мың. га) ормандар, 11 % (175 мың. га) — сулар,— 1,7 % (30 мың. га), жүзімдіктер — 1,9 % (31,5 мың. га).

Кіші Австрияның климаты жылы, орта еуропалық климаттар сияқты сипатталады. Орташа температурасы шілде айында шамамен +19 °C.

Кіші Австрия территориясының халқы 1,5 млн адамнан асады, бұл барлық мемлекеттің 18 % құрайды (Барлығы Австрияда 8,2 млн адам тұрады). Толықтығы 81 адам./км². Саны бойынша Кіші Австрия Венадан соң екінші орында. (Вена халқы — 1,6 млн адам). Кіші Австрияны еңбекке жарамды халық саны 750 мың адам, жұмыссыздар саны 40 мың адам.

Кіші Австрияның саяси ландшафты 1945 жылдан соң Халық партиясымен (ÖVP) айқындалады, кейбір жағдайларда дауыстарды көп жинаған кезде жеңіске жетеді. Бұл жердің басшысы дәл сол халық партиясының өкілдері болып табылады. Бүгінгі күні ол Эрвин Прёлль. Күші бойынша екінші партия — социал-демократтар (SPÖ).

Австриядағы қалған саяси партиялардың есептік үлесі (коммунисттік партия және христиан қауымдастықтары партиясы) Кіші Австрияның басшылық құрылымында аз болып саналады, шамамен 1 %.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]