[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Тінту

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тінту – үй-жайды, қора-қопсыны не біреудің меншігіндегі жерді еріксіз түрде қарап, тексеру арқылы айғақты заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін тергеу әрекеті. Тінту жүргізуге айғақты заттардың сол жерде немесе бір адамның қолында болуы мүмкін деген деректер негіз бола алады. Тінту жеке азаматтардың заңда көрсетілген құқықтарын бұзумен ұштасатын болғандықтан ол прокурордың немесе оның орынбасарының санкциясымен ғана жүргізіледі. Тінтілетін объектілерге қарай жеке адамды тінту, тұрғын үйді немесе мекеме үйін тінту, көлікті тінту, саяжай, қора-қопсыны тінті түрлеріне бөлінеді. Бұл объектілерді тінту ерекшеліктеріне байланысты оларды тінту үстінде қолданатын криминалистік тәсілдер бар. Бұл тәсілдер дайындық үстінде және тінту жүргізілгенде қолданылады. Азаматтың талабын, сондай-ақ мүлікті тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатымен тінту кезінде табылған мүлік хатталып, оған тыйым салынады.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том