Тура

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ТураТобыл өзенінің сол саласы. Ресейдің Свердлов және Түмен облыстары аумағымен ағады. ұзындығы 1030 км, су жиналатын алабы 80,4 мың км². Орта Орал тауларынан бастау алып, Батыс Сібір жазығымен ағады. Басты салалары: Тагил, Ница, Пышма. Түмен қаласы тұсындағы жылдық орташа су ағымы 181 м³/с. Қараша айының басынан бастап сәуірдің соңы – мамырдың бірінші жартысына дейін мұз қатып жатады. Тура алабында жалпы ауданы 557 км² болатын ірілі-ұсақты 1500-ге жуық көл бар. Сағасынан 635 км-ге дейін кеме жүзеді. Өзенмен ағаш ағызылады. Бойында 3 бөген салынған. Жағалауында: Жоғарғы Тура, төменгі Тура, Верхотурье, Туринск, Түмен қ-лары орналасқан.[1]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том