Таутомерия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Таутомерия (грек. taufόs – соның өзі, meros – үлес, бөлік) – екі немесе бірнеше изомерлердің бір-біріне оңай ауысатын қайтымды изомерия құбылысы. Терминді ғылымға алғаш неміс химигі К.Лаар енгізген (1885). Таутомерияның кең тараған түрі прототроптық (протонның ауысуы кезінде болады), одан басқа анионтроптық (анион ауысуы) түрі де бар. Прототроптық Таутомерия диадтық (сутектің ауысуы екі атомның арасында жүзеге асады), триадтық (протонның ауысуы үш атомның арасында болады) және пентадтық протон (бесінші атомға ауысады, байланыстар жүйесі бес атом арасында жүреді) болып бөлінеді. Таутомерияның мысалына ацетосірке эфирі мен оксикратон қышқылы арасындағы ауысуды алуға болады.

СН3––СН2СООС2Н5 СН3–СН–СООС3Н5
Таутомериямен дәрілік заттар мен бояғыш заттарды синтездеудегі көптеген химиялық-технологиялық процестер тығыз байланысты. Таутомерия тірі организмдерде жүретін биохимиялық процестерде маңызды рөл атқарады.[1]

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Tautomerism

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы