Сарыбас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сарыбас
Rorippa amphibia
Rorippa amphibia
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Тегі: Rorippa
Scop.
түрлері

75–85 түрі белгілі

Сарыбас (лат. Rorippa) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда ылғалы мол және батпақты жерлерде, ағысы баяу су айдындарында, өзендер мен көлдердің жағалауларында өсетін 6 түрі бар. Жиі кездесетіні — қосмекенді Сарыбас (R. amphіbіa). Биікт. 30 — 100 см. Тік сабағының іші қуыс. Суда өсетін жапырақтары қауырсын тәрізді тілімденген, ал құрлықтағылары — тұтас болады. Гүлдері ашық сары түсті, қысқа шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісібұршаққын. Батпақты Сарыбастың (R. palustrіs) жапырағының құрамында С витамині мен аскорбин қышқылы, ал тұқымында жартылай кепкен май болады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том