Сайхания
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Сайхания — анкилозаврид тұқымдасына жататын динозавр. Бор кезеңінде өмір сүрген жануардың сауытымен бірге табылған қаңқасының аз бөлігі ғана зерттелді. Динозавр құмды дауыл кезінде өлген. Денесі құмды тастың ішінде бауырымен жерге жабысып жатқан күйі табылған. Эрозия қаңқаның артқы бөлігін құртып жіберген. Соңғы кездері динозаврдың басқа да қаңқа бөліктері табылыа, ол туралы толық зерттеулер жазылуда. Сайханияның бассүйегі ерекше болған.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сайхания 1971 жылы Гоби шөлінде табылған.
- Оған 1977 жылы Тереза Марианска атау берген.
- Сайханияның бассүйегінде ерекше тыныс алу жолдары орналасқан.
Мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қорегі : өсімдіктер
- Салмағы : анықталмаған
- Тұқымдас : Анкилозаврид
- Отряд тармағы : Тирефора [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы