Роман Александрович Головченко
Роман Александрович Головченко белар. Раман Аляксандравіч Галоўчанка | ||||
Головченко, 2021 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
4 маусым 2020 жылдан бастап | ||||
Президент | Александр Лукашенко | |||
Ізашары | Сергей Румас | |||
| ||||
22 сәуір 2013 — 18 тамыз 2018 | ||||
Президент | Александр Лукашенко | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Партиясыз | |||
Білімі | 1) Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институты 2) Беларусь президентінің жанындағы Басқару академиясы | |||
Мамандығы | дипломат, экономист | |||
Дүниеге келуі | 10 тамыз 1973 (51 жас) Жодино, Минск облысы, Белорус КСР, КСРО | |||
Әкесі | Александр Николаевич Головченко | |||
Балалары | 3 | |||
Роман Александрович Головченко Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Роман Александрович Головченко[a] (10 тамыз 1973 жыл,[1] Минск облысы) — кеңестік және беларусьтік дипломат, экономист, саясаткер және 2020 жылғы маусымнан бері Беларусь премьер-министрі.
Жастық шағы және білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1973 жылғы 10 тамызда Жодино қаласында жалғыз бала болып дүниеге келген. Әкесі Александр Николаевич Головченко Беларусь политехникалық институтын бітіріп, Минск трактор зауытының конструкторлық бюросында инженер болып жұмыс істеді.[2] Нағашы атасы да, өз атасы да Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері болған. Роман Головченко Жодинода 10 жасына дейін тұрып, ата-анасымен Минскіге көшіп, орта мектепті сонда бітірген.[3] 1996 жылы ол Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтын және 2003 жылы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.[4]
Мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2013 жылы ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елші болып тағайындалды, содан кейін Катар, Кувейт және Сауд Арабиясында елдің атынан өкілдік етуге жауапты болды.[1]
Оны қазіргі қызметіне президент Александр Лукашенко 2020 жылғы президенттік сайлауына екі ай қалғанда тағайындаған.[5] Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Ол 2020 жылғы 17 тамызда, 2020 жылғы Беларусь наразылықтары кезінде министрлер кабинетінің ауысуы кезінде отставкаға кетуді ұсынды.[6]
2022 жылғы маусымда Головченко Канаданың қара тізіміне енді.[7]
Өз өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Роман Головченко үйленген, бір ұлы және екі қызы бар.[1] Екі қызының Головченконың екінші некесінен туғаны белгілі.[3] Головченконың өзі ағылшын, араб, неміс, поляк тілдерін меңгерген.[8]
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Роман Головченконың барлық марапаттары:
- «Татар Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуына 100 жыл» медалі (2021, Татарстан, Ресей);
- Халықтар Достығы ордені (2022, Башқұртстан, Ресей).[9]
Қосымша ақпарат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ белар. Раман Аляксандравіч Галоўчанка, [ra'man alʲak'sandravʲit͡ʂ ɣa'ɫɔwt͡ʂɛnka]; орыс. Роман Александрович Головченко, [rɐˈman ɐlʲɪˈksandrəvʲɪt͡ɕ ɡəɫəft͡ɕʲenkə]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c GOLOVCHENKO ROMAN ALEKSANDROVICH (ағыл.). vpk.gov.by. Беларусь Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитеті. Мұрағат көшірмесі 26 ақпанның 2019 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Краснознаменное Торпедо. Дети войны (орыс.). zhodinonews.by.
- ↑ a b Женат второй раз, сын пишет стихи по-белорусски: что известно о семье нового премьер-министра Романа Головченко (орыс.). nn.by. Наша Ніва (4 июня 2020). Тексерілді, 25 мамыр 2024.
- ↑ Biography of Roman Golovchenko: what is known about the new Prime Minister of Belarus (ағыл.). ncomment.com. Мұрағат көшірмесі 26 қазанның 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Тихомирова, Ольга Лукашенко назначил нового премьер-министра Беларуси (орыс.). Неміс толқыны (4 июня 2020). Тексерілді, 25 мамыр 2024.
- ↑ Prime minister: All the enterprises are working, there are protesters at some of them (ағыл.). eng.belta.by (18 August 2020). Тексерілді, 25 мамыр 2024.
- ↑ Regulations Amending the Special Economic Measures (Belarus) Regulations (ағыл.). Канада Министрлер Кабинеті (24 June 2022). Мұрағат көшірмесі 29 шілденің 2022 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Игорев, Александр Биография Романа Головченко: что известно о новом премьер-министре Белоруссии (орыс.). kp.ru. Комсомольская правда (4 июня 2020). Тексерілді, 25 мамыр 2024.
- ↑ Головченко в Уфе вручили орден Дружбы (орыс.). Sputnik News (20 сентября 2022). Тексерілді, 25 мамыр 2024.
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 10 тамызда туғандар
- 1973 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Минск облысында туғандар
- Беларусь дипломаттары
- XX ғасыр дипломаттары
- XXI ғасыр дипломаттары
- Беларусь елшілері
- Беларусь экономистері
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Алфавит бойынша экономистер
- XXI ғасыр экономистері
- Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектері
- Беларусь президентінің жанындағы Басқару академиясы түлектері
- Беларусь премьер-министрлері