Рапа
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Рапа[1][2] — тұзды сулы табиғи және жасанды суқоймалардағы қаныққан су ерітіндісі.
- Рапаның құрамы суқойма ауданының климаттық жағдайларына, суқойманың жас шамасына, алапқа ағын аймағынан келетін тұздардың құрамына және тағы басқа факторларға байланысты болады.
- Tұзды көлдердің түбінде жиналған, Күн қуаты (жылуы) тікелей әсер ететін шөгінділердің бетін жауып жататын үстіңгі рапа және осындай көлдердің түбіндегі шөгінділерге сіңіп кеткен және кристалдар арасындағы кеуектер мен қуыстарды толтырып тұратын кристаларалық немесе түптік рапа болып ажыратылады.
Біріншісі жер бетіне жақын болғандықтан, жауын-шашын әсерімен ондағы ерітіндінің қоюлық-сұйықтық шоғыры ауыспалы болып келеді; төменгі — түпкі ерітінділер саз-балшықты тұзды шөгінділер кеуегі мен қуыстарын толтыратындықтан, айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Жер бетіндегі кейбір рапалардың жыл бойына сақталатындары да болады, оларды рапалы көл деп атайды да, ал кебетіңдерін жартылай рапалық көл дейді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |