Шведтік дастарқан
Шведтік дастарқан (буфет) - бұл тамақтардың әр түрі үстелге жақын қойылып, және қонақтардың өзімен тәрелкелерге бөлініп салынатын тамақтарды ұсыну әдісі болып табылады (мысалы, фуршеттегідей). Көптеген елдерде бұл әдісті "буфеттік" деп те атайды, бірақ "шведтік дастарқан" атауы орыс және кейбір басқа тілдерде (мысалы, украин: шведський стіл, поляк : szwedzki stół, венгер : svédasztal, хорват: švedski stol ) тілдерінде қолданылады. Скандинав елдерінде, салқын шайнамалық дастарқанды жасау (швед. smörgåsbord, «бутербродтық үстел », «шайнамалық үстел» бөлек бөлмеде орналасып, кейін тамақтанғаннан кейін, қонақтар "дәстүрлі тамақты" жеу үшін ас бөлмесіне барған.
Ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шведтік дастарқан - скандинавиялық дәстүр болып табылады. Оның тарихы сонау тереңде жатыр. Жүз жылдар бұрын скандинавтықтар ұзақ уақыт сақталатын тұздалған балық, көкөністер, кептірілген етті жасайтын болатын. Қонақтар келген уақытта тамақтар бірден әрі үлкен ыдыстарға салынып, ұсынылатын болған. Осыдан үй иелері өздерінің көп уақытын тамақ дайындауға жұмсамай, тек әңгімелесу мен демалуға арнаған болатын. XX-шы ғасырда осылайша тамақтану әдісін дүниежүзі пайдалана бастайды.
Дәстүрлі түрдегі өзіне-өзі қызмет көрсету барысында залда бір немесе үстелдер орналасады. Оларды рет-ретімен шайнамалар, еттен және балықтан жасалған бірінші және екінші тамақтар, көкөністер, ірімшіктер, десерттер болады. Қонақ үстелдердің бойымен өтіп, өзіне қажеттілерін тәрелкесіне салып алады.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Төлеміне қарай шведтік дастарқанды ұйымдастырудың 2 негізгі түрі бар. Біріншісі - қонақ кез-келген мөлшерлі тәрелке алады да, үстелге бірнеше рет ақы төлемей, қажеттісін ала алады. Бағасы бұған байланысты болмайды. Екінші түрі бойынша, төлемақы тәрелкенің мөлшері мен қонақтардың үстелге келу санына байланысты жүзеге асырылады. Төлемақы әрбір келуі үшін алынады.
Ас мәзірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шведтік дастарқанның ас мәзірі тамақтардың екі-үш рет ауысуын қамтиды. Негізгі дастарқанға негізгі тамақтарды қою қажет, сонда өзгелерімен шатаспайды. Егер келетін қонақтар саны аз (10-20) шамасындай болса, негізгі тамақты кішкене тәрелкелерге бөліп салып, ал қонаққа жеке түрде ұсыну қажет. Оларды шетте тұратын үстелге қойып немесе жайпақ табақтарға қойып беруге болады. Ыстық тамақтардың ауысымын емес, жай шайнамаларды ұсыну кезінде, бір-бірінен айырмашылық жасайтын тамақтарды таңдау қажет. Дегенмен, бір-бірімен мүлдем үйлеспейтін азық-түліктердің де болмауын да ескеру қажет, өйткені әдетте қонақтар бір-екі тамақты ғана емес, үстелде тұрған тамақтардың барлығының дәмін татуға асығады.
Тәтті тағамдарды ( десерттерді) үстелдің аяқ жағына немесе тәрелкелерді алып болған соң, ортасына қоюға болады. Ірімшектерді негізгі тамақтармен шатастырып алуы мүмкін, сондықтан егер де ірімшектер салынған тәрелке бөлек тамақ ретінде болғанын қаламасаңыз, мысалы, шарапқа, онда оны бөлек үстелге қоюға болады.
Шведтік үстелді жабдықтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дастарқан-буфетті жабдықтаудың 3 нұсқасы бар: фуршет, шведтік және коктейльдік дастарқан. Шведтік үстелді бөлменің ортасына немесе қабырғаның қасына қояды және үлкен, ұзын асжаулықпен жабады (асжаулықтың шеттері еденнен 5-10 см. болуы қажет). Егер де тым ұзын асжаулық болмаса, онда бірнеше үстелдер қояды және де олар бірдей биіктікте болуы керек. Майлықтар үстелдің аяқ жағында жиналып, қойылады. Үстелдің аяғында, сонымен қатар, ыдыстарды да орналастырады: фужерлер, бокалдар, тәрелкелерді және т.б.
Үстелдегі тамақтарды секторлар бойынша бөледі - балық, ет. көкөністер мен шетіне қарай шайнамаларды қояды, мысалы, майшабақ, суық етті, нан (нан слғыштың сол жағынан ақ нан, оң жағынан қара бидай нанын, ал ортасына қарай қышқыл-тәтті нанды салады), салаттар, ал үстелдің ортасына - екінші қабар ретінде - печенье, бәліштер, жеміс-жидектер, тәтті тағамдар . Әр ыдыста тамақты оңай салуға болтын құралдар қойылады. тұздықтарды да берілген тамақтармен, шайнамалармен қатар орналастырады. Дәмдеуіштерден әрқашанда тұз бен бұрыш болуы керек. Құралдар мен дәмдеуіштерді бүкіл дастарқанның бойымен, қатарға қойып орналастырады. Салқын шырындар мен минералды суларды құмыраларға құйып, арнайы жерге қояды. Ал бөтелкелердегі сусындарды үстелдің аяқ жағына қойып, оларды ашатын арнайы құралдар қойылады. Алкогольді сусындарды және осы сынды сусындарды арнайы ыдыстарға құяды, және топ-топ қылып қояды. Пайдаланған ыдыстар үшін арнайы бөлек үстел қойылады.
Шведтік үстелді салқын, десерттік, шайлық және кофеге арналып етіп жаюға болады. Барлық тамақтарды бірден үстелге қояды. Орындықтарды үстелдің бойымен қоймайды, жанына қояды. Бас үстелдің жанына кішкене үстелдерді (4-5 адамға арналған) орындықтарымен бірге қояды. Оларды бас үстелдегі асжаулыққа ұқсас асжаулықтармен жабады. Әр қонақ үстел-буфетте орналасқан тамақтардан өзіне қажеттілерін алып, үстелге отырады (немесе бөлек үстелге).
Шведтік дастарқанды шынымен де шведтер ойлап тапқан. Біздің заманымызда әрине бәрі де басқашалай. Үстелге тек қана балғын тамақты ұсынады. Ал принципі сол қалпында қалды: барлық тамақ қонақтың алдында, қайсысының дәмін татам десе, өзі біледі. Сонымен қатар, қонақтардың рецепті бойынша аспаз 40 заттан тұратын тамақ пісіре алады.