Шарль Огюстен де Кулон
Charles-Auguston de Coulomb | |
---|---|
Portrait by Hippolyte Lecomte | |
Туған күні, жері |
қыркүйектің 14 Angoulême, France |
Қайтыс болған күні, жері |
1806 ж. тамыздың 23 (70 жаста) Paris, France |
Ұлты | French |
Зерттеу салалары | Physics |
Еңбегі үшін әйгілі | Coulomb's law |
Шарль-Огюстен Кулон (фр. Charles-Augustin de Coulomb, 14.06.1736-23.08.1806) – француз физигi және инженерi. Ангулем қаласында (Франция) мемлекеттiк шенеунiк жанұясында дүниеге келген.
Шарль мектептi тәмамдағаннан кейiн Мезьередегi әскери-инженерлiк мектепке қабылданады. 1761 жылы Кулонға лейтенант шенi берiлiп, Мартиника аралында әскери форт салуға жiберiледi. Тоғыз жылдық құрылыс практикасынан кейiн Кулон Францияға қайтып оралады. 1776 жылы “Архитектураға қатысы бар, статиканың кейбiр мәселелерiне максимумдар және минимумдар әдiсiн пайдалану туралы" – еңбегiн жариялайды. Кезектi ғылыми жұмыстары жiбек жiптi және шашты бұраған кездегi физикалық заңдылықтарына қатысты. Үйкелiстi зерттеу жұмыстары (1781ж.) оны жаңа жетiстiктерге жеткiздi. Бұл еңбектерi үшiн Кулон Париж ғылым академиясының сыйлығын алады, кейiннен бұл академияның мүшесi болып сайланады.
1784 жылы Кулон “Бұрау кезiнде бұрау бұрышына пропорционал реакция күшi бар металл жiптердiң қасиетiне негiзделген – электрлiк салмақтарды" ойлап тапты. 1785 жылы ол “электрдiң iргелi заңын" ашты, ол былай айтылады: аттас зарядталған екi кiшкене шариктердiң тебiлу күшi бұл шариктердiң центрлерiнiң арақашықтығының квадратына керi пропорционал. Бұдан кейiн Кулон электр күшiнiң зарядтардан тәуелдiлiгiн орнатып, физика тарихында Кулон заңы деп аталатын заңды тұжырымдады. Кулон электр және магнетизм мәселелерiне жетi жұмысын - “мемуарларын" арнады.
Кулон 70 жасында Парижде қайтыс болады. Француздың ойшыл ғалымының құрметiне электр зарядының бiрлiгi – кулон (Кл) атауы 1881 жылдан берi практикада қолданылады.