Шешендер
Шешендер | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,5 - 2 млн.адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей |
1 431 360 (2010) |
Түркия |
102 000 |
Қазақстан |
32 000 (2013) |
Франция |
29 000 |
Аустрия |
24 000 |
Бельгия |
17 000 |
Германия |
12 000 |
Тілдері | |
шешен тілі | |
Діні | |
ислам, сүннит тармағы |
Шешендер, нохчилар, нахчо (өзінше атауы), қазақ тілінде — шешен, өзіндік тарихы, этномәдени және бірегей антропологиялық типті ежелгі халықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні бұл Солтүстік Кавказдың ірі этностарының бірі.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шешен тілі иберий-кавказ тілдер отбасының нах-дағыстан тармағына кіреді, тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (флективтіліктің күшті белгілері бар). Шешен тілінің жазуы алдымен латын графикасы негізінде жасалды, содан кейін 1938 жылдан бастап орыс (кириллица) графикалық негізіне аударылды. Ұлттық шешен тілі бірнеше аумақтық диалектілерге бөлінеді: жазық (әдеби тілдің негізін қалаушы), акки (аухов), галанчаж, итумкала, кистин, чеберлоев, шароев; сонымен қатар көптеген сөйленістер бар. Шешен тілі – Шешенстан Республикасының мемлекеттік тілі, Дағыстан Республикасының он төрт мемлекеттік тілінің бірі.[1]
Дәстүрлі діндері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шешендер – мұсылмандар, шешен халқының салт-дәстүрі кез-келген мұсылман халықтардың дәстүріндей өзіндік ерекше. Ең басты дәстүр – еркіндік. Кез келген жағдайда да шешендер ең алдымен еркіндік, бостандықты қалайды. Екінші орынға шешендердің жомарттығын қоюға болады. Ол тәкаппарлықпен үйлеседі. Шешендер қонақжайлықты өздерінде де басқа дамадардың бойында да құрметтейді. Әйел адамдарға, қарт адамдарға ерекше сый-құрмет көрсетілген. Отбасы салтында ұл бала әкесінің кез келген өтінішін орындауға тиісті. Отқа түсуге дайын болуы керек.
Яхь - бұл қайырымдылық, мейірбандық жарысы. Бұл үнемі алдыңғы қатарда болу дегенді білдіреді. Өмірдің түрлі жағдайларында ішкі дүниесін өзгертпеу басты нәрсе болып табылады. «Мейірбан, қайырымды ер азаматқа барлық жерде есік ашық». "Яхь йолуш кант" (қайырымды, мейірбан азамат) — бұл біздің батырлар деп айтқан. Қазіргі кезде яхь ұлттық салт-дәстүрін ұстану дегенді білдіреді.
Шешен исламы мен исламдық фундаментализм екі бөлек нәрсе. Шешен исламы өзін басқа дінге, наным-сенімге қарсы қоймайды. Шешендер сунни ағымындағы мұсылмандар болып табылады. Вайнахтардың ислам дінін қабылдауының бастауы XIV-XV ғғ. жатады. Бұған дейін христиан дінін таратуға қадам жасалған.
Діни мейрамдар мен ғұрыптар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі діни мейрамдар мен ғұрыптар бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып, Құранның іргелі ұстанымдары мен ислам дәстүлеріне негізделген. Сонымен қоса олар шешендердің этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан. Басты діни мерекелердің қатарына Құрбан айт және Ораза (Марха) жатады. Мәуліт айы мен Мұхаммед пайғамбардың туған күні дұға оқу және құрбандық шалу арқылы атап өтіледі. Мұсылмандардың рухани ғибадатханасы мешіт, медреселер болып табылады. Қазіргі кезде мешіттер Шешенстанның барлық елді мекендерінде бар. Мекке мен Мәдине, сонымен қатар Шешенстанда сопылық бағыттың негізін салушылардың жерленген орындары мұсылмандардың қасиетті жері болып табылады.
Дәстүрлі шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шешендердің дәстүрлі шаруашылығы – жер өңдеу, мал шаруашылығы, құрылыс және сауда. Өкінішке орай, қазіргі кезде эконмиканың бұл салалары дамуы жағынан артта қалып отыр. Шешендер көбінесе ауылдық жерлерде үй шаруашылығы бар үлкен үйлерде тұрады. Шешендер үшін үй – амандық-саулықтың ғана емес, сонымен бірге үй қожайынының ар, намысының көрсеткіші болып табылады. Бұл тек қана отбасының тұрғылықты жері ғана емес, сонымен қатар қонақ күтетін орын. Ал, қонақ шешендер үшін қасиетті. Шешендер үлкен патриархалдық отбасында тұрады. Оларда мықты экономикалық және тайпалық байланыстар сақталып қалған.
Дәстүрлі киім-кешектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вайнахтардың ғұрыптық ерлер мен әйелдердің киімі: вайнахтық әскери киім- "Бустамийн чуоаъ", ерлердің тақуалық киімі – «Повтал», "Ghowtal", әйелдердің мейірімділік киімі— "Пабли" - "Ghable". Осы киімдер арқылы шешендердің ішкі дүниесінің құндылықтарын, мінез-құлқын көруге болады.
Вайнахтардың үш киімі «Құдай жазуы» (Хорхе Борхес) сияқты халық тағдырының белгісі.
Ерлердің әскери киімдері – ерлердің жастығы мен бозбалалығы "Бустамийн чуоаъ" ержүректілік пен батылдықпен дәлелденген киім.
Ерлердің тақуалық киімі – ерлердің кемеліне келуі: «Кемеліне келу, даналық, беріктік, соғыс пен бейбітшілікке дайындығы!»:"ПоЬта — Ала!" — Көтеріліңдер! Сөзбен және іспен айқасқа түсіңдер!"
Әйелдердің сәнді ғұрыптық киімі – нәзіктік белгісі— "evigwieblich": "Пабли-Ghable" - "rlo - gho" – көмек, "айба" — көтеремін, көтере аламын, ағылшын тілінде сияқты: ability - қабілет, able — "айбало" — "ло" — беремін, "По - Бала! — "сын сағатта, қайғыда жәрдемдесемін. "По Бала — Ло" – киім-кешек, "По – көмек — көмек беру " – жәрдем "ортақтасу" — "мейірімділік" — "Вайнах мейірбикелерінің бірігуі.
Вайнахтықтардың ішкі және сыртқы Еркіндік идеалын қалыптастыруды "Адат" Кишиева Абубакара, Кунта-Хаджи сөзденінен анықтауға болады және жалпы алғанда келесідей: Сыртқы мұнтаздық, Ішкі жинақылық, Пайымдаудың кемеліне келуі, шешім даналығы, өмірдің "Альфа" және "омегасы": "Сен жасауың керек – сенің қолыңнан келеді!"
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұрын шешен халқының диетасының негізі негізінен жүгері ботқасы, кәуап, бидай бұқтырмасы және қолдан жасалған нан болды. Бұл халықтың тағамдары ең қарапайым және ең көне тағамдардың бірі болып табылады. Қой мен құс еті тамақ дайындаудың негізгі өнімдері болып қала береді, көптеген тағамдардың негізгі құрамдас бөліктері - ыстық дәмдеуіштер, сарымсақ, пияз, бұрыш. Ірімшіктен, жабайы сарымсақтан, сүзбеден, жүгеріден, асқабақтан, кептірілген еттен көп тағам жасалады. Шешендер ет сорпасын, сиыр етін, қайнатылған етті жақсы көреді, шошқа етін мүлде жемейді. Етке жүгері немесе бидай ұнынан жасалған сарымсақ дәмдеуіштері қосылады. Шешен тағамдарындағы негізгі орындардың бірін картоптан, сүзбеден, асқабақтан, қалақайдан және жабайы сарымсақтан түрлі салмасы бар ұн өнімдері алады.[2]
Қазақстандағы шешендер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда тек қана үш шешен тіркелді; 1939 жылы республикадағы шешендер саны 2639 адамға дейін өсті. Шешендердің Қазақстанға жаппай қоныс аударуы Сталиндік жер аудару кезеңінде басталды. 1944 жылғы 23 ақпанда КСРО ІІХК жедел мәліметтеріне сәйкес барлығы жарты миллионға жуық шешендер көшірілді. Қоныс аударушылардың негізгі бөлігі (477809 адам) Қазақстанға жер аударылды. Арнайы қоныс аударушылардың тұру режимін бақылау үшін ІІХК-нің 429 арнайы комендатурасы құрылды. 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстанда КСРО республикалары арасында саны ең көп шешен диаспорасы өмір сүрді. ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары шешендер Солтүстік, Орталық және Батыс Қазақстанда қоныстанды. 1957 жылы Шешен-Ингуш АКСР-ы қайта қалпына келтірілгеннен кейін шешендер өздерінің этникалық отанына орала бастады, бірақ едәуір бөлігі Қазақстанда өмір сүрді.
Қазақстанның шешен диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
- 3 265 (1970 ж.),
- 2 241 (1979 ж.),
- 3 718 (1989 ж.),
- 1 729 (1999 ж.),
- 32 000 (2013 ж.) адам.
Шешенстандағы соғыс Қазақстанның шешен диаспорасының көбеюіне әкелді.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 172-бет. ISBN 978-601-287-224-8
- ↑ Наталия Котоман. Чеченцы — храбрая и выносливая нация https://travelask.ru/articles/chechentsy-hrabraya-i-vynoslivaya-natsiya
- ↑ Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 199-бет.