Френсис дрейк
Френсис Дрейк | |
Дрейк | |
[[Сурет:|220px|суреті]] | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
Мемлекет |
Англия |
Әскери бөлімі |
ағылшын флоты |
Ағылшын теңізшісі және қарақшысы, сэр Френсис Дрейк жерді айналып шыққан тұңғыш ағылшын ретінде танымал(1577-1580 ж.ж.). Ол испандық флот-Жеңімпаз армаданы Гравелиндегі шайқаста (1588 ж.) талқандаған ағылшын флотына қолбасшылық еткен.
1577 ж. қарашасында патшайым I Елизавета Дрейкті Американың тынықмұхиттық жағалауын шолып қайтуға жұмсады.Саяхаттың ресми мақсаты жаңа жерлерді, жекелей алғанда, Австралияны ашу еді. Шын мәнінде Дрейкке Испандық Американың тынықмұхиттық жағалауларына жорық жасап, испан алтындарын барынша тонап келу тапсырылды. Төрт кемеден тұратын Дрейк қосыны Плимуттан ұзап кетті.1578 ж. ол Ла-Плата сағасына жетті және оңтүстікке қарай баяу қозғала отырып, Патагония жағалауынан қолайлы айлақты байқады.Дрейктің жолсеріктерінің бірі патагондықтарды былай сипаттады: «Олар қайырымды кісілер болып жолықты және бізге христиандардан көрмеген жақсылықтар жасады...» Магеллан бұғазы арқылы Дрейк флотилиясы Тынық мұхитқа желкен керуі сол-ақ екен, алай-түлей дауыл соқты.Бір кеме із-түссіз құрдымға кетті,екіншісін сұрапыл жел бұғазға айдап тықты, ол Атлант мұхитына бас сауғалап,Англияға қайта оралды,үшіншісін өртеп жіберуге тура келді.Аман қалған «Бірқазан»кемесі Тынық мұхитын басып өтіп, «Алтын марал» деген атауға ие болды.Екі ай бойы соққан дауыл оны алыс оңтүстікке тықсырып тастады.Қазанның аяғында теңізшілер оңтүстікте «ең алыс»аралды байқады. Еркін су кеңістігін ашу Дрейкке Отты жердің құпия оңтүстік материктің шоқысы емес, шексіз теңіз ағылып жатқан аралдар шоғыры екендігін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Антарктида ашылғаннан кейін оның Отты жермен арасындағы өткелі Дрейк бұғазы деп аталды. Дрейк испан кемелеріне шабуылдай отырып, тынықмұхиттық жағалауларды бойлай жүзді.Тынық мұхитты кесіп өткеннен кейін Молукк аралдарына шықты, және Африканы айналып өтіп, Англияға 1580 ж. қыркүйегінде оралды.Ол Англияның жылдық табысынан екі есе артық олжамен оралды.Осы жолғы сапары үшін Дрейкке рыцарьлық атақ берілді.
Қосымша... 12 жасында Дрейк сауда кемесіне қолбала ретінде жұмысқа тұрды.Кеме қожайыны жас шәкіртіне барынша көңілі толатын және өлім сәтінде оған кемесін табыстап кетті.Осылай 18 жасында Дрейк толық құқықты капитанға айналды.