Фидеизм
Фидеизм (лат. fіdes – сенім) – әлемді рационалды тұрғыдан түсінетін ақыл-ойдан діни сенімді, осы негізде табылған шындықты жоғары қоятын философиялық ағымның жалпы атауы. Неғұрлым танымал фидейшілдік теориялар “таза сенім” (Тертулиан, Лютер, С.Кьеркогор), “сенім мен ақыл-ойдың үйлесімі” (Климент Александриялық, Августин, Фома Аквинский). “Таза сенім” доктринасы діни, мистикалық-психологиялық сипатқа ие. Сенім иесінің сеніміне негізделеді, сенім мен ақыл-ой арасындағы айырмашылықты айқындап, сенімді рационалдандыру талпынысын жоққа шығарады. “Сенім мен ақыл-ой үйлесімі” ілімі сенім қағидаттарын аксиома ретінде, ақыл-ойдың логика тұжырымдары үшін табан тірер негізі деп түсіндіреді. Қазіргі Фидеизм өкілдері ғылым мен рационалдық ақыл-ойды мойындай отыра, сенім мен діни сананы болмыс пен адам өмірінің басты сұрақтарына жауап табатын, ақылақтық негіз деп біледі. Фидеизм ұғымы рационалистік бағыттағы неотомизм сияқты филос. жүйелерде де көрініс табады.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |