Попурри

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Попурри[1] (фр. роt — роurrі — аралас тағам, әр түрлі нәрселер мағынасында) — музыкалық қойылым. Опера, оперетта, балет, халық әндері мен билері, кино қойылымдары, белгілі композиторлар мен өнерпаздардың музыкалық шығармаларының үзінділерінен құрастырылған музыкалық пьеса, шығарма. Попурриге енгізілген музыкалық туынды өзгертілмей, қысқартылған түрде орындалады. Попурри 19 ғ-да эстрадалық және үрмелі музыкалық аспаптарға негізделіп, дами бастады. Жанрдың талабына сай алғашқы музыкалық шығарманы француз К.Баллар үшінші ән жинағында (1711) жариялаған. Онда ол әр әуеннің бастапқы шумағынан попурри жасайды. 18 ғ-да дамыған аспаптық үлгідегі “француз попурриі” көпшіліктің көңілінен шықты. Кейін Еуропаның басқа елдерінде жалғасын тапты. Попурри жасаушылар көбінесе әуесқой композиторлар мен дирижерлар арасынан шығады. 20 ғ-да попурри эстрада өнерінде кең тарады. Мәселен, қазақ эстрадасында Р.Рымбаева шығармаларында попурри қойылымдары кездеседі.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  • Қазақ энциклопедиясы