Плаун

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.

Плаун (Lycopodіum) — плаунтәрізділер класына жататын мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер. Көпшілік түрлері Солтүстік жарты шарда кездеседі. Қазақстанда орманды жерлер мен қара топырақты аймақтардағы шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда өсетін 5 түрі бар. Олардың ішінде жиі кездесетіні — шоқпарбас Плаун (Lycopodіum clavatum). Сабағы төселмелі, ұзындығы 150 см-дей, көп бұтақтары осы сабақтарынан өседі, олардың ұшында споралары жетіледі. Жапырақтары жіңішке, таспа немесе ланцет тәрізді, масақшалары көп, ұзын, тығыз орналасқан, спорангийлі спорофиллалары бар. Споралары арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. Споралары көп, ұнтақталған ұсақ, май сияқты, сары сұр түсті. Олар шілде — тамыз айларында пісіп жетіледі. Плаун спорасының құрамында 50%-ға дейін кеппейтін май (олеин, стеарин, пальмитин, арахин), қышқылдар, алкалоидтар, клаветин, клаватоксин, никотин бар. Плаундар — улы өсімдіктер, олардың спораларын (ликоподийларын) медицинада, ветеринарияда дәрілік препараттар алу үшін пайдаланады. Алтай мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында ғана өсетін, өте сирек кездесетін — таңдамалы Плаун (L. selago) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том