Пиксель
Пиксель (Pixel) — дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік.Әдетте, бұл жалғыз көп түсті нүкте. Бейнесызбалық объектілерді бейнелеу үшін қолданылады. Мысалы, дисплей бетіндегі әрбір әріп бірнеше нүктеден тұрады. Осы нүктелер бейне элементтері болып табылады. Әрбір құрастырылатын қатар осындай бірнеше пиксельден тұрады. Пиксельдің көрсетілуі немесе көрсетілмеуі бейнежадтың тиісті разрядының қалып-күйіне байланысты.[1]
«Пиксель» ұғымын ең алғаш рет 1965 жылы Фредерик С.Биллингсли жариялаған. Бұл сөз бейнелер мен элементтерге арналған пикстердің үйлесімін білдіреді. 1932 жылы Variety журналының атауында «пикс» ұғымы фильмдерге қатысты мәтіндік бейнелердің аббревиатурасы ретінде қолданыс тапқан. Ал 1938 жылдан бастап «пикс» жылжымайтын бейнелерге қатысты жұмсалып келеді. Кейбір авторлардың түсіндіруінде пиксель жасуша бейнесі ретінде ұғынылса, 1972 жылы графикада, бейнелер мен бейнежазбаларды өңдеуде жиі қолданылды.
Пиксель - бұл кез-келген заманауи монитордың экранын өлшеу бірлігі, ол компьютер, ноутбук, ұялы телефон, навигатор және т.б. Қарапайым сөзбен айтқанда бұл жай нүкте деп айтуға болады. Пиксель өлшемі - бұл компьютердің немесе басқа құрылғының мониторындағы бір нүкте. Пиксельдің екі күйі болады 1(қосулы) және 0(өшірулі).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |