Орталық процессор
Орталық процессор (Центральный процессор; central processor unit) —
1) компьютердің негізгі жұмыстық элементі. Әдетте, оның құрамына арифметикалық- логикалық құрылғы мен басқару құрылғысы, ал кейде алғашқы жад кіреді. Есептеуіш жүйенің қызметі үлестірілген және дербес болған сайын бұл терминнің түсіндірмесі кеңейе түседі;
2) процессор мен арифметикалық қосалқы процессоры бар блок;
3) барлық есептеу операциясын және ақпаратты қайта өңдеуді жүзеге асыратын дербес компьютердің бас құрылғысы;
4) бір немесе бірнеше үлкен немесе аса үлкен интегралдық схема түріндегі, ақпаратты өңдеуге арналган программалық басқару құрылғысы;
5) берілген есептеуіш жүйеде негізгі қызметі мәліметтер өңдеуді және осы жүйенің басқа бөліктерінің жұмысын баскаруды орындайтын процессор. Ол басқару қүрылғысынан, арифметикалық логикалық құрылғыдан және процессорлық жадтан тұрады.
Орталық процессор циклі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орталық процессор циклі (Цикл центрального процессора; central processing unit cycle) — бір қарапайым машиналық команданы таңдау мен орындау (Мысалы, қосу немесе азайту) үшін талап етілетін уақыт. Орталық процессордың есептеуіш жүйені сипаттайтын көптеген параметрлерінің бірі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |