Нәркес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нәркес
Тау етегінде өсіп тұрған нарцисстер (Narcissus poeticus)
Тау етегінде өсіп тұрған нарцисстер (Narcissus poeticus)
Сары нәркес
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Amaryllidoideae
Тайпасы: Narcisseae
Тегі: Narcissus
L.
Үлгілік түрі
Narcissus poeticus
L.
түрлері

50 түрі белгілі

Нәркес[1] немесе Нарцисс[2] (лат. Narcissus) – амариллистер тұқымдасына жататын баданалы көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен Жерорта теңізі аймағында өседі, 30-ға, кейбір мәліметтер бойынша 60-қа жуық түрі бар. Нарциссті ежелден әсемдік үшін өсіреді, оның қазір 12 мыңнан астам сорты белгілі. Баданасының сырты қоңыр қабыршақпен қапталған. Жапырағы таспа пішінді. Гүлі ақ, сары түсті, хош иісті, жеке-жеке немесе топтанып гүл сидамының ұшында жетіледі. Гүлшоғыры қоңырау не шатыр тәрізді. Жемісі – етті қауашақ. Нарцисстің гүлінен эфир майы алынады, баданасында алкалоид болады. Нарцисс – улы өсімдік. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Баданаларын шамамен тереңд. 10 – 15 см шұңқыр қазып, күзде отырғызады. Отырғызылған соң 2-, 3-жылдары жақсы гүлдейді. Бұлардың баданасын жапырақтары түгел сарғайған кезде қазып алып, көлеңкелі жерде кептіріп, 16 – 18С температурада сақтайды.

Сары нәркес Еуропада, Азия мен Солтүстік Африкада өседі.

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нәркес – бір үйлі, амариллис тұқымдасына жататын көпжылдық пиязшық өсімдік. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер тобындағы нәркестің табиғатта 20 шақты түрі бар. Еуропадан шығып, Қытай мен Жапония арқылы Азияға кең тараған. Алғашында бақша гүлі ретінде өсірілсе, кейін келе гүлінің әдемілігіне қызыққан бағбандар ерте гүлдету мақсатында оны үй жағдайында да өсіретін болған. Наурыз, сәуір айларында гүл ашады, гүлдеуі 20-25 күнге дейін созылады. Гүлдері жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Нәркес пиязшық гүлдердің ішінде ерте және ұзақ гүлдеуімен қатар, бір түбінен бірнеше гүл жаруымен ерекшеленеді. Мысалы, сүмбілшаш секілді өсімдіктер бір пиязшықтан бір гүл ғана жаратын болса, нәркес үш-төрт гүлсабақ шығарады. Гүлдері төменге қараған, түсі қанық болып келеді. Ақ, сары, қызыл-сары, ала түсті болып келетін нәркестің биіктігі 30-40 см аралығында. Хош иісті, әдемі, нәзік гүл болғандықтан, оны гүлшоғыр жасауда да жиі пайдаланады. Нәркестің 10 см-ден аспайтын ергежейлі, аласа бойлы түрлері де бар.

Нәркес көп күтімді қажет етпейтін пиязшық өсімдік. Гүлдеп болып, жапырағы сарғайғаннан кейін екі-үш жылда бір рет маусым айында пиязшығын қазып алып тұру керек. Себебі, бір орында екі-үш жыл қатарынан өскен нәркес одан кейінгі жылдары шықпай қалады. Қазып алынған пиязшықтарды қораптарға салып құрғақ, күн түспейтін, ауасы алмасып тұратын бөлмеде сақтайды. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде жақсы өседі. Топырағын құнарландырып тұрған жөн.

Көбейтілуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пиязшық және тамыртүйнекті өсімдіктерді түрлі жолдармен көбейтуге болады. Мұндай өсімдіктерді көбейтудің ең оңай жолы – пиязшықтың жанынан өсіп шыққан балапандарын бөліп алу арқылы көбейту. Маусым айы оның пиязшықтарын қазып алып, балапандарын бөлу үшін ең оңтайлы мезгіл болып саналады. Жаз бойы құрғақ жерде сақталған пиязшығын қыркүйек айында егеді. Жас пиязшық егілгеннен кейін тек екі жылдан соң ғана гүл жаратын болады.

Нәркес туралы тақпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сәуір туа тіршілігін бастайды,

Бір түбінен бірнеше әсем гүл жарып.

Нәркесті жұрт нәзік гүл деп мақтайды,

Самал желмен билеп тұрар ырғалып.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

  1. "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
  2. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том