Нәзіктұмсық бозторғай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нәзіктұмсық бозторғай
From Laxman chowk, close to Pangolakha Wildlife Sanctuary, Sikkim, India
From Laxman chowk, close to Pangolakha Wildlife Sanctuary, Sikkim, India
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торңайтәрізділер
Тұқымдасы: Бозторғайлар тұқымдасы
Тегі: Кіші бозторғай
Түрі: C. acutirostris
Екі-есімді атауы
Calandrella acutirostris
Hume, 1873

Нәзіктұмсық бозторғай (лат. Calandrella acutirostris) – Қазақстандағы торғайтәрізділер отрядына жататын бозторғайлар тұқымдастардың кіші бозторғайар туысының 4 түрінің бірі.

Нәзіктұмсық бозторғай жазықтықта өмір сүретін өз туысының басқа бозторғайларынан ерекше таулы даланы игереді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы аумағына ұласқан орындар Батыс Тәңіртауда ұялаған нәзіктұмсық бозторғайлар кездеседі.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның өзге туыс өкілдерінен айырмашылық ерекшелігі - тұмсығы ұзын және жіңішке, оны ұшып жүргенде де жақсы байқауға болады. Дауысы, әуезі және мінез-қылығы - кіші бозторғайлар типтес. Нәзік бозторғайлардың ұясы едәуір қалың қабырғалы және жылы қалыпқа келтірілген дейтін мәліметтер бар. Мұны аталған суық климатты таулы жерлерде тіршілік етуімен түсіндіре аламыз.

Нәзіктұмсықтылар да басқа бозторғайлар секілді дала өсімдігінің тұқымы мен бунақденелілерді кезектестіріп қоректендірді. Балапандарын тек қана жануартекті жеммен – бунақденелілер және басқа жәндіктермен (өрмекші, құрт, дымсақтармен) қоректендіреді[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Calandrella acutirostris. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамура

Category:Calandrella acutirostris