Негізгі кілт
Негізгі кілті қатысты дерекқорларда әр жол үшін ерекше анықтауышты қамтамасыз ететін кестедегі өріс немесе өрістер жинағы. Office Access 2007 сияқты қатысты дерекқорда, мәліметті бөлек, тақырып негізіндегі кестелерге бөлесіз. Кесте байланыстары мен негізгі кілттерді мәліметті қайта бірге топтау жөнінде Access бағдарламасына жеткізесіз. Access негізгі кілт өрістерін бірнеше кестелердегі деректермен жылдам байланыс орнату үшін қолданады және сол деректерді мәнді түрде біріктіреді.
Негізгі кілттің жақсы талапкері бірнеше сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, ол әр жолды ерекше анықтайды. Екіншіден, ол ешқашан бос немесе нөл болмайды — ол әрдайым мәнді қамтиды. Үшіншіден, ол өте сирек (негізінде, ешқашан) өзгереді. Access негізгі кілт өрістерін бірнеше кестелердегі деректерді бір жерге жылдам тоғыстыру үшін қолданады.
Дұрыс таңдалмаған негізгі кілттің мысалы ретінде атау немесе мекенжайды атауға болады. Екеуі де уақыт өте өзгеруі мүмкін мәліметті қамтиды.
Кестенің негізгі кілтін әрдайым көрсетуіңіз қажет. Access сұраулар мен басқа амалдарды жылдамдатуға көмектесетін негізгі кілттің индексін өзіндік түрде жасайды. Access, сондай-ақ, әр жазбаның негізгі кілт өрісінде мәнге ие болуын және әрдайым ерекше болуын қадағалайды.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|