Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әбу Джафар Мұхаммед ибн Джәрир ибн Йазид әт-Табари (839, Табаристан өлкесінде, Амул қаласыңда — 923, Бағдат) — тарихшы. Бірқатар уақыттар бойына Рей, Бағдат, Басра, Куфа қалаларында, кейін Сирияда, Мысырда болған. Өмірінің соңғы жылдарында Бағдатта тұрып, заң, аңыз-әпсана салаларында дәріс оқыған. Әбу Джафар Мұхаммед әт-Табари ғалым, тарихтанушы ретінде түрлі пәндерге байланысты 10-нан астам еңбек қалдырған. «Тарих ар-русул уә-л-мулук» атты көп томдық еңбегінде әлемнің жаратылуынан басталған жалпы тарих және сол кезде мәдени өркениетімен арабтарға белгілі болған халықтар туралы, Рим, Византия императорлары, Иран тарихы жайлы мәліметтер жинақталған. Исламның пайда болуынан бастап әрі қарайғы тарихи оқиғалар мұсылманша (һижра) жыл санау ретімен берілген. Араб халифатына қатысты 915 жылға дейін мәліметтер мол қамтылған. Сонымен қатар Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан туралы деректер бере отырып, түркі тайпаларының ислам дінінің енуіне, арабтардың жаулап алуына қарсы күресіне, халық көтерілістеріне, соғдылардың Жетісуға қоныс аударуына, Жетісу түркілерінің этнографиясы және олардың қалалары жайындағы мәліметтерге жан-жақты тоқталады. Әбу Джафар Мұхаммед әт-Табари Орта Азиядағы оқиғаларды баяндау барысында әл-Мадаинидің (753 — 849) еңбектерін (бізге жетпеген) негізге алған. Әбу Джафар Мұхаммед әт-Табаридің бұл еңбегі 1879 — 1901 жылдары голландиялық ғалым Де Гуе жетекшілігімен жарық көрді.[1]

Өз заманының аса оқымысты адамы ретінде Таяу Шығыстағы елдердің әдет-дәстұрін, салт-санасын, діни және тұрмыстық аңыздарын, поэзиясы мен қара сөзбен жазылған хикаяларын, патшалар мен мемлекеттердің тарихын, пайғамбарлардың шығу тегі мен шежіресін зерттеді. Сондықтан Абай мен Әуезов әт-Табаридің «Тарихымен» бала кезінен таныс болды. Ғалымның мұсылман елінің рухани емірінде алатын орнын ерекше бағалай келіп, абайтану саласына арналған барлық еңбектерінде Әуезов ерекше атаған. Абайдың танымдық үш қайнар көзі ретінде Шығыс мәдениетінен нәр алған:[2]

«Абай араб-мұсылман мәдениетін кең зерттей отырып, Табари, Рабғузи, Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы Баһадүр хан жене басқалары сияқты шығыс ғалымдарының тарихи еңбектерімен танысты, мусылман дінінің барлық шариғат негіздерін біліп алды. Абай Шығыс елдерінің бағзы замандағы тарихымен ғана танысып қойған жоқ, ол сонымен қатар Таяудағы Шығыстың өз тұсындағы мәдениетін де өте жақсы білді»

— 20 томдық шығармалар жинағы, 18-том, 165-бет

.

  • «История ат-Табари», Ташкент, 1987.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • [1](қолжетпейтін сілтеме)
  • [2](қолжетпейтін сілтеме)
  • [3](қолжетпейтін сілтеме)
  • [4] Мұрағатталған 29 ақпанның 2012 жылы.

Ішкі сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • [5](қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8