Муссон
Муссон (фр. mousson, араб.: маусым – жыл мезгілі), жер бетіне таяу тропосфераның төменгі қабатындағы ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы.[1]
Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа өзгеріп тұрады. Муссонның пайда болуының басты себебі — құрлық пен мүхиттың біркелкі ысымауы.[2]Атмосферада циклонды, антициклонды аймақтардың түзілуі, құрлық пен теңіздің әркелкі жылынып, суынуы, олардың арасындағы қысым айырмашылығы, жылу режимінің өзгеруі салдарынан ауа жылына екі рет орын ауыстырып ығысады. Жаздық ылғалды (мұхиттық) муссон мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелсе, қысқы (континенттік) муссон құрлықтан мұхитқа суық, құрғақ ауа тасымалдайды. Муссондар тропиктік және тропиктік емес деп бөлінеді. Тропиктік муссонның бағыты және жылдамдығы жоғары, әсері күшті; олар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға тән, онда ылғалды мезгілде бірнеше мыңдаған мм жауын-шашын түседі. Тропиктік емес муссон Шығыс Азияға тән. Мұнда муссонның әсері шамалы. Қысқы құрғақ муссон Сібірдің өте суық ауасын Тынық мұхиттың жағалауына әкеледі; Жазғы ылғалды муссон мұхит жағалауына мол жауын-шашын апарады. Муссон атмосфераның жалпы айналымы жүйесінде маңызды орын алады және муссонды климат бар елдер экономикасының дамуына елеулі әсер етеді.[1]
Муссондар циклондар мен антициклондар неғұрлым тұрақты болатын және олар маусым бойынша күрт айырмашылық жасайтын аудандарда қалыптасады. Муссондарды тропиктік және экваторлық муссондар деп жалпы екі топқа бөледі.
Тропиктік емес муссондар жылдың бір мезгілінде құрлық пен мұхиттың жылынуының әркелкі болуына байланысты туындайды. Олар, негізінен, солтүстік жарты шарда айқынырақ байқалады. Мұнда материктердід шығыс жағалаулары коңыржай және субтропиктік ендіктерде муссондық циркуляция ықпалында болады. Өйткені бұл аудандарда батыс желдерінің әсері азаяды, сондықтан құрлық пен көршілес орналаскан мұхит айдыны арасындағы температура мен қысым айырмашылығы маусымдық тұрақты желдердің (муссондардың) пайда болуына жағдай жасайды. Қоңыржай ендіктерде батыс желдерінін багытына қарама-қарсы соғатын жазғы муссондар құрлыққа жауын-шашын әкеліп, ауа температурасын едәуір төмендетеді.
Ең тұрақты және айқын байқалатын муссондар тропиктік ендіктерде пайда болады. Тынық және Атлант мұхиттарының тропиктік ендіктерінде жыл бойы пассаттар басым келеді. Сондықтан тропиктік муссондар тек Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен оған көршілес Шығыс Азия мен Индонезия жағалауларында ғана айкын байқалады. Муссондық циркуляция Үнді мұхиты алабының тропиктік ендіктерде жатқан үлкен кеңістіктерін қамтиды. Бұл Үнді мұхитының екі ірі құрлыктың аралығындағы орнымен және екі жарты шарда орналасуымен түсіндіріледі.
Тропиктік (экваторлық) муссондардың пайда болуына субтропиктік антицикпондар мен экваторлық төмен қысымды алаптың жыл мезгілдеріне қарай орын өзгертуі тікелей әсер етеді. Шілдеде экваторлық төмен қысымды алап солтүстік жарты шардың неғұрлым жоғары ендіктеріне қарай, ал қаңтарда, керісінше оңтүстік жарты шарға қарай ығысып, орын ауыстырады. Субтропиктік антициклондар да осы бағытта ығысады. Экваторға көршілес аймақтарда қоқымдық орталықтардың жыл мезгілдеріне қарай күрт орын ауыстыруына байланысты басым желдердің де бағыты өзгереді. Тропиктік муссондарға екі жарты шардың жыл ішінде біркелкі жылынбауы да себепші болады.
Шығыс бағыттан соғатын қысқы, муссон пассаттардың бағытына сәйкес келеді. Қысқы муссон кезінде ауаның материктен мұхитқа бағытталуы құрғақ кезеңнің осы мерзімге сәйкес келуіне себепші болады. Бағыты пассаттарға қарама-қарсы болатын жазгы муссон кезінде ауа мұхиттан материкке бағытталады, сондықтан жаңбырлы кезең, негізінен, жаз мезгіліне сәйкес келеді.
Жалпы алганда, Жер шарында жылына орташа есеппен 70-ке жуық тропиктік циклондар пайда болады. Тропиктік циклондардың қайталану максимумы сол жарты шардың жазы мен күзіне сәйкес келеді. Оңтүстік Азияда циклондар көктем мен күзде байқалады. Желдері тұрақты соғады. Тропиктік белдеудің шығыс жағалауы климаттық жағдайдың біршама қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы ағыстардың өтуіне байланысты батыспен салыстырғанда температура біршама жоғары, жауын-шашын мол. Тау беткейлерінде жылына 1500—2000 мм жауын-шашын түседі.
Субтропиктік белдеудің жазы тропиктік белдеуге өте ұқсас, антидиклондың режім басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда субтропиктер күн жылуын 20%-дай аз алады (2 1 00 -102 — 25 20 -102Дж/см2-ге дейін), сондықтан климаттың маусымдық сипаты айкынырақ байқалады. Қыс кезінде циклондық әрекеттер жиі қайталанады. Белдеу бойынша батыстан шығысқа жүрген сайын климаттың ішкі айырмашылықтары күшейеді. Батыс жағалық бөліктерге жазы құрғақ, қысы ылғалды болатын субтропиктік жерортатеңіздік климат сипаты тән. Құрлық ішіне енген сайын климат континентті сипат алады (мұндай климат жағдайлары тән болатын ірі шөлдерді картадан табыңдар). Материктердід батыс жағалауында климат муссондық сипатка ауысады. Қыс салыстырмалы түрде суық әрі құрғақ, ал жаз ыстық, ылғалды.
Қоңыржай белдеулерде жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады, тропиктік белдеулермен салыстырғанда едәуір салқын, жыл мезгілдері айкын байқалады (ол неліктен?). Қоңыржай климаттық белдеу әсіресе солтүстік жарты шарда өте көлемді болады, сондықтан радиациялық баланс солтүстігінде 1260–102 Дж/см2-ден оңтүстігінде 2100102 Дж/см2-ге дейін жоғарылайды. Температура белдеу ішінде солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай өзгереді. Әсіресе қысқы температура құрлықтың ішкі аудандарында антициклондық режім әсерінен күрт төмендейді. Мұның әсерінен Еуразияда солтустік жарты шардың суықтық полюсі орналасқан (карта бойынша оның орны мен температуралық көрсеткіштерін анықтаңдар).
Жауын-шашынның жылдық мөлшері, жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай ауа ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашьш күрт азаяды. Ал материктердің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығысқа қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай контипенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.
Субарктикалық және субантарктикалық белдеулер екі жарты шардың поляр маңы аудандарын алып жатыр. Мұнда жылдық радиациялық баланс 630–102 Дж/см2-ден 924-102 Дж/см2-ге дейін өзгереді. Жазда коңыржай, қыста арктикалық және антарктикалық ауа массалары басым болады. Жазы салыстырмалы түрде жылы, бірақ қысқа болады, қысы өте қатал. Жылдың температуралық амплитуда аса үлкен емес. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден аз, көбінесе қатты күйде түседі.
Арктикалық және антарктикалық белдеулер екі жартышардың полюс маңын алып жатыр. Бұл белдеулерде радиациялық баланс 294–102 Дж/см2 шамасында. [3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
- ↑ География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |