Лағат
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Лағат | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Molinia varia | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
2-3 түрі белгілі |
Лағат[1] (лат. Molinia) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 15-120 см.
- Тамыры қысқа, сабағы тік.
- Жапырақтары жіңішке, бұжыр, ұзындығы 30-90 см-дей.
- Гүлшоғыры ұзындығы 5-15 мм масақтардан тұрады. Ұрықты масақ сабағы 1-6 гүлді., сонымен қатар ұрықсыз гүлдері де бар. Аталығы ушеу. Масақ қабыршақтары жұмыртқа тәрізді, сыртында қабығы бар, 3-5 талшықты. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.
- Тұқы]ы - жұмыртқа тәрізді дән.
Өсетін жері мен таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лағат Еуропада, Кавказ тауларында, Батыс Сібірде, Кіші Азияда таралған. Сортаңды топырақты шалғындар мен ормандарда, бұта арасында өседі.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лағаттың 5 түрі бар:
- Көкшіл лағат (Molinia caerulea)
- Жапондық лағат (Molinia japonica)
- Қамысты лағат (Құрақты лағат) (Molinia arundinacea)
- Molinia maxima
- Molinia aquarrosa
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5