Лигнин
Лигнин (лат. lіgnum — ағаш) — түтікті өсімдіктердің жасушасында кездесетін күрделі полимерлі қосылыс. Ол, негізінен, жасушаның сыртқы қабықшасын инкрустациялайтын зат болып табылады. Клетка қабықшасында Лигнин жиналуы оның ағаштануына алып келіп, беріктігін жоғарылатады. Лигнин жалпақ жапырақты өсімдіктерде 20 — 30%, қылқан жапырақты өсімдіктерде 50%-ға дейін кездеседі, ал төменгі сатыдағы өсімдіктер (балдырларда) мен мүктерден ол анықталмаған. Лигнин молекуласы ароматты спирттердің полимерлену өнімдерінен тұрады; негізгі мономері — кониферил спирті. Лигнин қоңыр сары түсті аморфты зат; молекулалық массасы 1-ден 150 мыңға, тығыздығы 1,25 — 1,45 г/см3-ге дейін болады, суда және органикалық еріткіштерде ерімейді; негізгі бояғыштармен боялып, фенолға тән түсті реакциялар береді. Лигнин биосинтезі толық зерттелмеген. Өсімдіктегі басқа да ароматты қосылыстар сияқты оның шығу тегі шиким қышқылынан тұрады. Лигниннің негізгі түзілу сатылары: шиким қышқылы фенилаланин корич (даршын) қышқылы ферул қышқылы кониферил спирті Л. Өнеркәсіпте Лигнин целлюлоза өндірісінде (сульфатты Лигнин, лигносульфон қышқылы) және өсімдік материалдарының гидролизінде (гидролизді Лигнин) қалдық ретінде алынады. Лигнин туындылары құрылыста, пластмасса, құйма өндірісінде, бұрғылау ісінде, тері илеуде, т.б. қолданылады. Медицинада Лигнин немесе ағаш мақтасы деп механикалық және химиялық өңдеуден кейінгі қылқан жапырақты ағаштардан алынатын жұқа қатпарлы қағаздарды айтады.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |