Корея Республикасы Парламенті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ұлттық заң шығарушы билік органы (парламент).

Соңғы парламент сайлауы 2012 жылы 11 сәуірде өткізілді. Парламенттегі 246 бір мандатты аумақтар бойынша сайланады, ал қалған 54 орынды сайлау нәтижесі бойынша партиялық тізім бойынша пропорционалды түрде бөледі. Парламент мүшелері 4-жылдық мерзімге сайланады.

Конституция бойынша парламенттке Төраға мен оның екі орынбасары төрағалық етеді. Олар заң шығару процессіне басшылық етеді. Төраға мен оның орынбасарлары Ұлттық Жиналыс мүшелерінің құпия сайлау нәтижесінде 2 жыл мерзімге сайланады. Төрағаны сайлау оның партиялық мүшелігіне байланысты емес, сонымен қатар Төраға мен оның орынбасарлары бір уақытта министр бола алмайды.

Парламенттік фракциялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық Жиналыста 20-дан аса өкілі бар партиялар кіші партияларға қарағанда ерекше құқықтарға ие: олар парламенттік фракциялар құра алады.[1] Фракциялар көбірек мемлекеттік қаржыландыруға ие және елдің заң шығарушы билігі — Ұлттық Жиналыстың күн тәртібін алға қоятын ел басшыларының кездесулерінде, жиналыстарда отыра алады.

1988 жылы наурызда жарияланған Сайлау заңына сәйкес, Ұлттық Жиналыс сайлауы әр 4 жыл сайын болады және Жиналыста кемінде 200 мүше бола алады. Жиналыс мүшелірінің көп бөлігі жергілікті мандат бойынша сайланады, ал қалған орындар ұлттық деңгейде өткізілген сайлау нәтижесі бойынша пропорционалды түрде партиялар ұсынған тізіммен сайланады. 2012 жылы өткізілген сайлау нәтижесінде Жиналыстың 246 мүшесі мажоритарлық жүйе бойынша бір орынды сайлау аймақтарынан, ал 54 мүше партиялар тізімі бойынша сайланды. Жиналыспен салыстырғанда Президент сайлауы әр 5 жыл сайын өткізіліп тұрады, сол себеті билік азшылық жағдайда қалып отыртын жағдайлар болып тұрады.

Ұлттық Жиналыс заңдар мен мемлекеттік бюджетті, халықаралық келісімдерді бекітеді, президенттік министрлер орындарын ұсынған адамдарын бекітеді (немесе бекітпейді). Сонымен қатар Жиналыс соғыс ашу құқығына ие.[2]

Жиналыстың жаңа сессия жыл сайын 1 қыркүйекте басталады және 100 күнге жалғасады (желтоқсанға дейін). Егер қажет болса, сессия жұмысы қосымша тағы бір айға ұзартылады.

Заң шығару процессі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Заң жобасын Төрағаға ұсыну үшін заң шығарушы оған кемінде 10 Жиналыс мүшелерінің қолы керек. Заң жобасының дұрыстығын және тіл тазалығын тексеру үшін ол арнайы комитеттің тексеруінен өткізіледі. Одан кейін заң Жиналыс тарапынан қабылдануы немесе қабылданбауы мүмкін.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]